Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Далада) » ZHARAR © 2017 | сәкен сейфуллин Далада өлең олен казакша,стихи сакена сейфуллина на казахском языке , олен казакша Қазақша өлең сәкен сейфуллин , казакша олен сакен сейфуллин , скачать стихи сакена сейфуллина на казахском языке, сакен сейфуллин стихи на казахском языке скачать , сәкен сейфуллин өлеңдері скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері ,




  • »

Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Далада)

Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Далада) казакша Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Далада) на казахском языке

Жүген-құрық тимеген,
Жасынан ноқта кимеген
Алты жасар асауды
Ұстап міндім далада.
Ақырды асау -
Жаңғырды дала.
Тулады, орғыды асау -
Дүбірлеп күңіренді дала,
Қиырсыз дала...
Орғыды асау айнала -
Дүбірледі айдала.
Алысып асау осқырды -
Жал-құйрығы желмен ысқырды,
Жүйткіп, зымырап құлашын керді асау.
Танаулары шелектей,
Ырсылдап демі көріктей,
Көздері оттай, өріктей.
Өрге қарай орғыса,
Өр не қылмақ асауға?
Жел не қылмақ асауға?
Желге қарай орғыса,
Орғытып, ұшыртып жүріп
Көкіректі кернеп,
Кең даланы күңірентіп
Қатты айқайлап ән салдым.
Жаңғыртып кең даланы.
Салдым күшті дауыспен ән!
Әніме қосылды: кең дала,
Аққулы-қазды шалқар көл,
Қамысты-құрақты көк өзен
Қосылды бәрі шуласып,
Косылды бәрі шаттанып.
Сендерге, қарындастар,
Сендерге, інілер,
Сендерге арналды бұл әндер!
Дүниенің құлдық шынжырын қиратып,
Әділдік, теңдік іздеген,
Тұрмыстың таршылық зынданын бұзып,
Еркіндік, кеңдік іздеген,
Көкіректері жанып бақыт іздеген, жастар,
Сендерге арналды бұл әндер!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 16 809
Рейтинг:
(голосов: 30)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .