» » » Өлең: Мұхтар Шаханов (Тереңдік жыры)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Тереңдік жыры)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Тереңдік жыры) казакша Өлең: Мұхтар Шаханов (Тереңдік жыры) на казахском языке
Өзіңсіз келген күндерден,
Өзіңсіз терген гүлдерден,
Өзіңсіз кешкен ойлардан,
Өзіңсіз өткен тойлардан
Жалығып біттім, жаным - ау.
Мен десе жаның даладай,
Мен десе күлкің мөп-мөлдір
Лақылдап жанған өсек пен отқа қарамай,
Сен маған арнап әуенін салдың көктемнің.
Өзіме - өзім ете алмай қалсам иелік,
Күшімді жидым, арманым, саған сүйеніп.
Сен менің асқар белім боп,
Шалқисың кейде шадыман шалқар көлім боп.
Көңілінде терең көлі бар жандар бақытты,
Көңілінде терең көлі бар жанға өлім жоқ.
Тереңім сенсің, еңселім,
Өлеңім сенсің, еңселім.
Парасат көркін қаншама әйел халқының
Мен саған қарап өлшедім.
Көрмедің әсте сенімнің гүлін солдырып,
Шыдамды тәңірім сыйлапты саған мол қылып.
Кім айтар кәне бекер деп,
Вокзал мен вокзал арасын
Жүрдің сен күнде жол қылып,
Мен келіп қалар ма екен деп.
Созылып таулар алдымда
Жалғасып бірі - бірімен,
Келем деп келмей қалдым да,
Күттіріп қойдым түнімен.
Жаныңды мұңға жібітіп,
Жыладың ағыл-тегіл бір.
Ал ертең бәрін ұмытып
Аспандай тұндың көгілдір.
Не деген жұмбақ өмір бұл!
Сыйладым саған көп қайғы,
Сонда да кінә артпадың.
Арыңды асау жүректің
Тізгінін кері тартпадың.
Сенімге сертің табанды,
Құштарлық отың өшпеді,
Шаттығым, сенің бағаңды,
Елемей келсем, кеш мені.
Берілдің барлық жаныңмен,
Жаныңдай тұнық әніңмен,
Әніңмен, барлық сәніңмен,
Сырыңмен, сансыз қырыңмен
Құлпырған жақұт нұрыңмен.
Сол үшін, таудай мерейім,
Сол үшін бақыттымын мен!

Автор: nurgul95 | 261 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Мұхтар Шаханов (Мен саған ғашық едім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Мен саған ғашық едім)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Бақытты бол)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Бақытты бол)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Алматыдан аттанарда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Алматыдан аттанарда)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Айналайын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Айналайын)
Өлең: Сенбеймін
Өлеңдер жинағы
Өлең: Сенбеймін
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Өзіңсіз дүние бос)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Өзіңсіз дүние бос)
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Аққулар сыры)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Аққулар сыры)
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Бәрін саған беремін)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Бәрін саған беремін)
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Келмей бір кеттің...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Келмей бір кеттің...)
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзіңсіз өмір тамұқтай)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзіңсіз өмір тамұқтай)
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым)
Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Сіңіріп жерден жылу, көктен көрік...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Сіңіріп жерден жылу, көктен көрік...)
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Сен...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Сен...)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Еркектер жыры)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Еркектер жыры)

KZ / Өлеңдер жинағы, мұхтар шаханов Тереңдік жыры өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Тереңдік жыры, мұхтар шаханов Тереңдік жыры өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша мұхтар шаханов өлеңдері мухтар шаханов олендери мухтар шаханов стихи на казахском Тереңдік жыры, Өлең: Мұхтар Шаханов (Тереңдік жыры) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке