» » » Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру)

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру)

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру) казакша Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру) на казахском языке
Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасына алып.
Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп.
Сен жыладың:
Аңғармай қалдым орды деп,
Қадамым сәтсіз болды деп,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Сен жыладың,:
Мен бірақ селт етпедім,
Білем сені тағдырдың ерке еткенін,
Білем сені - өр көңіл, жомарт едің,
Енді бүгін... қалай бұл кер кеткенің?
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға.
Басындағы бөрік пе,
Орамал ма?
Бөрік болса, ауыс тез басқа күйге,
Көз жасыңды көрсетпе жас сәбиге.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын,
Әй, әй, жігіт, сен маған ұнамадың.
Жас нәресте көруге тиісті емес,
Әкесінің еңкілдеп жылағанын,
Әкесінің тым күйреп құлағанын.
Ерлік пенен ездіктің жолы қатар
Екеуінің арасы бір-ақ адым.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын.
Көтер, кәне, басыңды, қалай бұның,
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?
Көтер, кәне, басыңды,
Күніңді босқа өткізіп пе едің,
Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған:
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақкөйлекті кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп?
Кім айтты саған:
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...
Тоқырау білмес айбыны
Адалдық деген - әлемнің ұлы байлығы.
Бетіне жиған ұятты
Әйтсе де, кейде ол кінәмшіл бала сияқты.
Тірлікте осы баланы
Өкпелететіндер бар да,
Жұбататындар бар.
Жек көретіндер бар да,
Ұнататындар бар.
Арын сатып қорлайтындар бар да,
Жанын сап қорғайтындар бар.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойынды шығар өріске.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше!

Автор: ZHARAR | 175 255 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Мұхтар Шаханов (Құдаша)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Құдаша)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Махаббат елі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Махаббат елі)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Жомарт жүрек тағылымы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Жомарт жүрек тағылымы)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Наурызға ода)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Наурызға ода)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Үнсіздік)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Үнсіздік)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Бақытты бол)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Бақытты бол)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Тереңдік жыры)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Тереңдік жыры)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жұбату)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жұбату)
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Шал алған қызға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Шал алған қызға)
Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Іле)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Іле)
Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Құдыреттену)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Құдыреттену)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Тілек)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Тілек)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Шекарасыз жомарттық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Шекарасыз жомарттық)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Түркістандағы тау)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Түркістандағы тау)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Оралу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Оралу)

KZ / Өлеңдер жинағы, жигерлендиру мухтар шаханов, Сен жыладың жігітім өлең, стихи мухтар шаханов на казахском языке, Мұхтар Шаханов Қазақша өлең, казакша олен Мұхтар Шаханов, стихи Мұхтар Шаханов на казахском языке, мухтар шаханов казакша олен, Мұхтар Шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери на казахском языке, жігерлендіру мұхтар шаханов, мұхтар шаханов жігерлендіру скачать, жігерлендіретін сөздер, жігерлендіретін өлеңдер, стихи мухтар шаханов на казахском языке Мұхтар Шаханов Қазақша өлең казакша олен Мұхтар Шаханов стихи Мұхтар Шаханов на казахском языке мухтар шаханов казакша олен Мұхтар Шаханов өлеңдері мухтар шаханов олендери на казахском языке, Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке