» » » Өлең: Мұхтар Шаханов (Құдаша)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Құдаша)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Құдаша) казакша Өлең: Мұхтар Шаханов (Құдаша) на казахском языке
Бас имей бұрқасынға
Өтті де жылдар ағып.
Туған жер қырқасында
Қап қойды бұл балалық.

Қайтемін оны даулап,
Тек арман мүлгімейді.
Бір сезім омыраулап,
Кеудемді тілгілейді.

Арайлы ақ тілекпен
Қанша үміт сабақталды.
Қаншама өтті көктем,
Мен сені жоғалтқалы.

Кезімде гүл атпаған
Көріппең өзің мені.
Ешкімді қуантпаған
Қауқарсыз кезім бе еді?!

Күлкіңнен нәр алып бір,
Аулыңа барғанымда,
Жүргенсің балалықтың
Балауса орманында.

Қонақжай сыйыменен
Бір шерткен көңіл күйін.
Әпкемнің үйіменен
Көрші еді-ау сенің үйің.

Ай маңдай мұратымның,
Кінәсіз сенімі үшін,
Жиі кеп тұратынмын
Өзіңді көру үшін.

Шақырса құба дала,
Гүл қуып қыр асамыз.
Мен едім құда бала,
Сен едің құдаша қыз.

Қызғалдақ – қырдың сәні
Жебейтін арман атын.
Мен үзген гүлдің бәрі
Бір саған арналатын.

Жан едің дала көңіл,
Өзгеше ең, ерек едің,
Мен сені бар әлемнің
Көркіне теңегенмін.

Сол сезім нұр ұсынды
Жанымның жайлауына,
(Бұл кейін тынышымды
Алар деп ойладым ба?)

Бір күні дүрілдеген
Той болды көрші ауылда.
Қыз десе күлімдеген
Жігіттер қанша мұнда.

Сыртта би қызды тіптен,
Сол кезде сен де келіп,
Бейтаныс бір жігітпен
Биледің дөңгеленіп.

Нұрға орап жаңа отауды
Түннің бір ортасында,
Ай туды Алатауды
Жамбастап арқасына.

Сазанды терең көлдей
Шоршыдым, тосырқандым.
Ал жігіт көлеңкеңдей
Қалмады қасыңнан бір.

Бұлай деп аңдамағам,
Таңдантты-ау сырың мені,
Айтшы, бұл әлде маған
Көрсеткен қырың ба еді?

Жанымды ызғар ұстап,
Намысым арығандай.
Лап етпе қызғаныштан
Шақ тұрдым жарылардай.

Той тарқап таң алдында,
Қонақтар жолға аттанды.
Сол жігіт сені ауылға
Шығарып салмақ болды.

Адасқан орманынан
Еліктей тұрып қалдым.
Сонан соң соңдарыңнан
Біраз жер жүріп бардым.

Сонан соң, жалт бұрылып,
Қаштым мен тауға қарай.
Кеудеме от тығылып,
Жүрегім лаулағандай.

"Тоқта" деп айқайладың,
Соныңды қалдым ұғып.
Даусыңды қайталады,
Кең дала жаңғырығып.

Өрлігім алға сүйреп,
Қайырылып қарамаппын.
Сен менен алғаш рет
Алыстап бара жаттың.

Сол түннің құмар қылған
Өзгерді мәні мүлде...
Тек даусың құлағымнан
Кетпейді әлі күнге

Автор: nurgul95 | 230 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Мұхтар Шаханов (Әке туралы жыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Әке туралы жыр)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Махаббат елі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Махаббат елі)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Мен саған ғашық едім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Мен саған ғашық едім)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Наурызға ода)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Наурызға ода)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Бақытты бол)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Бақытты бол)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Туған жерге оралу)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Туған жерге оралу)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Айналайын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Айналайын)
Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚҰДАША ҚЫЗ)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚҰДАША ҚЫЗ)
Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Асыл арман)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Асыл арман)
Қазақша өлең: Темірхан Медетбек (Тұтас бір әлем едің)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Темірхан Медетбек (Тұтас бір әлем едің)
Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек (Көктемгі блюз)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек (Көктемгі блюз)
Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Алатаудай едің бұрын арманым...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Алатаудай едің бұрын арманым...)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Тілек)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Тілек)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Алғашқы махаббатқа хат)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Алғашқы махаббатқа хат)

KZ / Өлеңдер жинағы, мұхтар шаханов Құдаша өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Құдаша, мұхтар шаханов Құдаша өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша мұхтар шаханов өлеңдері мухтар шаханов олендери мухтар шаханов стихи на казахском Құдаша, Өлең: Мұхтар Шаханов (Құдаша) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке