» » » Өлең: Абай Құнанбаев (Немере інісі өлгенде айтқаны)

Өлең: Абай Құнанбаев (Немере інісі өлгенде айтқаны)

Өлең: Абай Құнанбаев (Немере інісі өлгенде айтқаны) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Немере інісі өлгенде айтқаны) на казахском языке
Көз жұмғанша дүниеден
Иманын айтып кеткені-ай!
"Бейсенбі ме бүгін?" деп,
Жұмаға қарсы өткені-ай!
Жер күңіреніп, жұрт шулап,
Ағайын түгел жеткені-ай!
Жамиғат тоңбай, күн жылып,
Тәңірім рақым еткені-ай!
Ием қабыл алды-ау деп,
Көңіліме қуат біткені-ай!
Қуаттанып бақсам да,
Күнәлі нәпсім түйтпеді-ай.
Ата тегің мұндағы —
Орта жүздің ұлығы;
Ана тегің ондағы —
Өзен судың тұнығы.
Екі асылдан қосылған
Сом алтынның сынығы.
Өлгенше естен қалмайды
Өзгеше біткен қылығы.
Қызыл балақ қыранның
Балапанын дерт алды.
Жеміс ағаш, бәйтерек
Балдырғанын өрт алды.
Артына белгі тастамай,
Жал-құйрығын келте алды.
Ағайынды тойғызбай,
Аз күн қоймай, ерте алды.
Көп жасамай, көк орған,
Жарасы үлкен жас өлім.
Күн шалған жерді тез орған,
Күншіл дүние қас өлім.
Артына белгі қалдырмай,
Бауыры қатты тас өлім.
Жыламайын десе де,
Шыдарлық па осы өлім?
Орамды тілді ауыздым,
Ақылға жүйрік маңыздым.
Көп жасамай, тез кетіп,
Көзімнің жасын ағыздың

Автор: nurgul95 | 575 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Немере інісі өлгенде айтқаны өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Немере інісі өлгенде айтқаны, абай құнанбаев Немере інісі өлгенде айтқаны өлең олен абай кунанбаев казакша олен абай кунанбаев абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать абай құнанбаев өлеңдері Немере інісі өлгенде айтқаны, Өлең: Абай Құнанбаев (Немере інісі өлгенде айтқаны) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке