![]() |
|
![]() |
Қалқаман Сарин (Бұл өмір...)

Бұл өмір қысқа, құстың тұмсығындай,
Жастығың жара бермес бүршік ыңғай.
Өкініп өткен күнге өксігенмен,
Жуарсың көңіліңнің кіршігін қай?
Бұл өмір – ойнап жүріп от басулар.
Кездейсоқ кездесулер, қоштасулар.
Таусылған тағдырларды теңдеп алып,
Келмеске кеткен сонау көп ғасырлар.
Бұл өмір – жауабы жоқ, сұрағы бар,
Алдамшы арзан бақтан кім арылар?
Қаңтарда көбелек боп жауған қардың,
Көктемде көз жасына куә қылар.
Бұл өмір – кімге мәнді, кімге мәнсіз?
(Сағымдай бірде жоқсыз, бірде барсыз).
«Қар жаумай, қазан ұрмай солып қалар»,
Қайтейін ғұмырымды гүлден әлсіз.
Бұл өмір – бізге мәлім өткел сынды,
Өтем деп сол өлкелді көп тер сіңді.
Жазғырып Жаратқанды жылаймыз-ау,
Жүргендей қатар кешіп от пен суды.
Бұл өмір өтпес, өтсек біз өтерміз,
Қыс, Көктем, жасыл Жаз бен Күз екенбіз.
Тұншығып жасына әбден көзіміздің
Бір күні еріп кетер мұз екенбіз.
Жастығың жара бермес бүршік ыңғай.
Өкініп өткен күнге өксігенмен,
Жуарсың көңіліңнің кіршігін қай?
Бұл өмір – ойнап жүріп от басулар.
Кездейсоқ кездесулер, қоштасулар.
Таусылған тағдырларды теңдеп алып,
Келмеске кеткен сонау көп ғасырлар.
Бұл өмір – жауабы жоқ, сұрағы бар,
Алдамшы арзан бақтан кім арылар?
Қаңтарда көбелек боп жауған қардың,
Көктемде көз жасына куә қылар.
Бұл өмір – кімге мәнді, кімге мәнсіз?
(Сағымдай бірде жоқсыз, бірде барсыз).
«Қар жаумай, қазан ұрмай солып қалар»,
Қайтейін ғұмырымды гүлден әлсіз.
Бұл өмір – бізге мәлім өткел сынды,
Өтем деп сол өлкелді көп тер сіңді.
Жазғырып Жаратқанды жылаймыз-ау,
Жүргендей қатар кешіп от пен суды.
Бұл өмір өтпес, өтсек біз өтерміз,
Қыс, Көктем, жасыл Жаз бен Күз екенбіз.
Тұншығып жасына әбден көзіміздің
Бір күні еріп кетер мұз екенбіз.
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
Пікірлер 1
Ілмектер: қалқаман сарин Бұл өмір өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин