Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Керек осы адамға) » ZHARAR © 2016 | мұқағали мақатаев Керек осы адамға өлеңі , мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері , мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке,




  • »

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Керек осы адамға)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Керек осы адамға) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Керек осы адамға) на казахском языке

Керек осы адамға?
Бүгін бе, болашақ па?!
Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?!
Қиын-ау, өзің жатып жерошақта,
Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта.
Әлде өмір сүрмекпісің бүгініңмен?!
Бүгіндік тірлік қуып, жүгірумен,
Өтпекпісің?!
Қолыңды бір-ақ сілтеп,
Ұмытып болашақты түңілумен?!
Күн кешіп жығылумен, сүрінумен?!
О, өмір!
О, неғылған сиқыр едің,
Қалай-қалай соғады құйты желің?!
Діңкелеп, шаршап келіп жантайғанда,
Тәтті бір түс көрсеткен ұйқы ма едің?!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 5 587
Рейтинг:
(голосов: 6)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .