Мұқағали Мақатаев (Автограф)

 Мұқағали Мақатаев (Автограф)

Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?...
Кектендірген хан Жәңгір де жок, мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Түсінер ең,
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!
Сырым да - осы,
Жырым да - осы,
Алдыңда?
Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
- Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Динар Аленова
    Динар Аленова 21.03.2016 11:36
    1 + 1 -
    <<…Поэзия! Менімен егіз бе едің? Сен мені сезесіңбе, Неге іздедім? Алауратқан таңдардан сені іздедім. Қарауытқан таулардан сені іздедім. …Сені іздедім. Іздеймін тағат бар ма? Сені маған егіз қып жаратқанба?>>
  2. Бакытжан Туртеев
    0 + 2 -
    ЖАКСЫ МАГАН ПОЭЗИЯ КЕРЕК ЕДИ