Мұқағали Мақатаев (Мүйісте)

 Мұқағали Мақатаев (Мүйісте)

Селк етіп, секем алып қарадың-ау,
Қай таудың киігі едің, қарағым-ау!?
Төбеңде шыр айналып бала қыран,
Мүйісте мергені бар қала мынау.
Сондықтан секем алып қарадың-ау.
Кел,
Менің қасыма кел, қасыма кел,
Жеңдіріп үрейіңді, басыла гөр,
Сұлулыққа сұқтанған жат көздерден,
Жалт еткен жанарыңды жасыра бер.
Панала,
Қасыма кел, касыма кел.
От-суы, отауы ырғын жатқан қырдан,
Нендей күш сені мұнда аттандырған?!
Абайлап, адымыңды сақтандырған,
Бұл маңға несін келдің қақпан құрған
Арман ғой сені мұнда аттандырған?!
Үмітің, арманың да бәрі қалып,
Ауылды ойлап құр бекер налымалық.
...Жеткізіп тастайын ба тауыңа алып,
Құныңды, құралайым, таны барып.
Қарағым-ау, қай таудың киігі едің?!
Сыртыңнан қараймын да, сүйінемін.
Ғайып болып қай жаққа баратырсың,
Әлде бір домбыраның күйі ме едің?!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?