» » » Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көшеде)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көшеде)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көшеде) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көшеде) на казахском языке
Мен жолымды берейін, өт қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың?
Анасының бергенін саған берген,
Аруағынан айналдым текті Ананың!
Жалған-ай!
Жарасымды-ау ізет деген!
Иілген біз өтпенен, сіз өтпенен.
Қасиетін халқының сыйламайды,
Атасының дәстүрін күзетпеген
Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта, құдай,
Тайраңдап алды-артына қарамаған.
Қарағым, ата-бабаң момын халық,
Өтіпті бір-бірінің жолын бағып.
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.
Мен жолымды берейін, өт, қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың!?
Қор болмассың, құлыны текті Ананың,
Жолын алсаң, өзіңдей текті ағаның!

Автор: nurgul95 | 155 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Көшеде өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Көшеде, мұқағали мақатаев Көшеде өлең мукагали макатаев олен мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке Көшеде, Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көшеде) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке