Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Киелі есім түсіме жиі енесің...)

Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Киелі есім түсіме жиі енесің...) казакша Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Киелі есім түсіме жиі енесің...) на казахском языке

Анажан, өмірімнің желкені едің,
Сен жоқсың. Енді кімге еркеледім?
Бүгінгі қызығымды көрсетпеген,
Ой, өмір-ай, неғылған келтелі едің.
Шынында өмір неткен келтелі едің,
Анамды асықтырдың, ентеледің.
Бір күнде балалықты артқа тастап,
Жас күнімді есейттің ерте менің.
Есейгені не керек ес білемін,
Қайғы-мұң жүрегімді кесті менің.
Жүргенде алдан күтіп бақыт таңын,
Кім білген қаралы бір кеш кірерін.
Атыңнан айналайын киелі есім,
Киелі есім түсіме жиі енесің.
Тірлікте асқақтаған әуенім ең,
Естілмей кеткен бүгін күй-елесім.
Әлде бір жақпай жүр ме жат қылығым,
(Ерсілеу естілді ме шаттық үнім).
Әйтеуір түсімде ылғи мұңаясың,
Өрулі келбетіңде ақ бұрымың.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, Жанкелді Немеребай Киелі есім түсіме жиі енесің... өлең олен Жанкелди Немеребай стихи на казахском, Жанкелді Немеребай өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер, , Жанкелді Немеребай Киелі есім түсіме жиі енесің... өлең олен Жанкелди Немеребай стихи на казахском, Жанкелді Немеребай өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер, Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Киелі есім түсіме жиі енесің...), Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Киелі есім түсіме жиі енесің...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com