Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Гүл-ғұмыр) » ZHARAR © 2017 | Жанкелді Немеребай Гүл ғұмыр өлең олен Жанкелди Немеребай стихи на казахском, Жанкелді Немеребай өлеңдері, стихи на казахском языке , казакша олендер ,




  • »

Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Гүл-ғұмыр)

Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Гүл-ғұмыр) казакша Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Гүл-ғұмыр) на казахском языке

Астынан қардың ақ мамық,
Өмірге келген жап-жарық.
Ғұмыры қысқа бәйшешек,
Қалады-ау бір күн тапталып.
Қоштасып қимай қыс кетті,
Алмасып мезгіл құс кепті.
Жастық та өтер жалт етіп,
Найзағай оты іспетті.
Тұрса да өсіп күнгейде,
Солады екен гүл бейне.
Өмірдің солай өткенін
Қаларсың ертең білмей де.
Көктемнің көркі - назды гүл,
Көрмейтін мүлде жазды бір.
Табиғат заңы осындай,
Жасындай жанған аз ғұмыр.
Өмір мен мынау өлкені,
Жыр қылып өту - серт еді.
Жырлайын ерке сезімді,
Гүл ғұмыр өтпей келтелі...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 306
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .