Жанкелді Немеребай (Поэзия)

 Жанкелді Немеребай (Поэзия)

Жүрекке жыр, кеудеме толтырып ән,
О, поэзия өзің деп толқыды жан.
Ғашық едім мен саған жан-тәніммен,
Азабыңды қаншама тарта білгем.
Қармағымды үмітпен тереңге атып,
Табамын ба деп жүрмін сенен бақыт.
Жазған болса ақын деп маңдайға Аллам,
Кешір менің кезімді әнге айналған.
Әуендерге аударсам назарымды,
Сен арқылы саз қылдым жазарымды.
Көңілге мұң, түскенде жанға қаяу,
Шер тарқаттым жыр жазып таңға таяу.
Бірге болдың үміттер ақталғанда,
Көкке төбем екі елі шақ қалғанда.
О, поэзия гүлденген жасыл бағым,
Сен арқылы жетер ме ғасырға әнім...
Сезім қайнап, қаймықпай жел өтінен,
Дауылды түн, сан қызбен кеңесіп ем.
Бозбала шақ, әліде қол бұлғайды,
Өткен күннің оралмас елесінен.
Аласы көп болса да бересінен,
Қайран күндер кетер ме ер есінен.
Толқын уақыт барады толқындатып,
Жастығымды ұзатып кемесімен.
Артта қалды алшақтап кейінгі өмір,
Сайран өтті, бүгінге дейін небір.
Ауыздықпен алысып, асау жастық,
Бас бермей жүр әлі де ойын көңіл...

***

Сезімнің сепкен нұрын,
Сүйетін көктем гүлін.
Елімнің ерке құсы,
Көрінбей кеткен бүгін.
Көлбайдың кептерлері,
Қонбай жүр көптен бері.
Алысқа қанат қағып,
Оралмай кеткен бе еді.
Жүрегім жылап еді,
Жұбатты жыр әдемі.
Алғашқы махаббаттың,
Сендерсің куәгері.
Жастығым ән-жырлы едің,
Ән-жырмен сан гүлдедім.
Бірге ұшып кептерлермен,
Кеткен-ай бал күндерім...

***

Көп жылдар өтті тынбастан,
Кездер де кетті қырды асқан.
Күндерді сол бір сағындым,
Өзіңмен талай сырласқан.
Көктемнің сәні гүлмісің,
Көңілде қалған бір мүсін.
Сезімді, ғашық кезімді,
Ұмытты ғой деп жүрмісің...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі