Қазақша өлең: Тойбастар » ZHARAR © 2017 | Қазақша өлең: Тойбастар, тойбастар туралы өлең, тойбастар туралы өлеңдер, тойбастар туралы казакша олен, песня тойбастар скачать на казахском, песня тойбастар скачать




  • »

Қазақша өлең: Тойбастар

Қазақша өлең: Тойбастар казакша Қазақша өлең: Тойбастар на казахском языке

Белгісі той қылғанның отау жабар,
Қиқу сап жас балалар атқа шабар.
Той қылған қыз әкесі мырза болса,
Жігітке той бастаған шапан жабар.

Қайырмасы:

Ақсай десең жеріміз,
Кең жайлаған жеріміз.
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Дария шалқар көліміз.

Дегенде той қылған қыз, той қылған қыз,
Тойына тоғыз бие салдырған қыз.
Атын ерттеп, түйесін қомдап қойып,
Бір жаққа жүрейін жеп қомданған қыз.

Қайырмасы:

Келеді айым туып оң жамбастан,
Құдайым айырмасын тең-құрдастан.
Құдайым айырғанша тең-құрдастан,
Қайтеді жаратпаса әуел бастан.

Қайырмасы:

Балғын серке, марқайса қой бастайды,
Қой алдында жануар ойқастайды.
Құтты тойға кез болған жолды жігіт,
Бұрынғының жолымен той бастайды.

Қайырмасы:

Құнан қойын шайлатып сойдырған үй,
Табақ-табақ ет тартып тойдырған үй.
Сәтті күн - сәрсенбіде той қылыпсыз,
Құтты болсын тойыңыз, той қылған үй.

Қайырмасы:

Жорашыға лайық жол тұрады,
Жампоз нарға лайық қом тұрады.
Құтты болсын тойыңыз, үй иесі,
Той есесін Тәңірім толтырады.

Қайырмасы:

Қотан толып, қойыңыз қойға ұлассын!
Қырға сыймай шуласып ойға ұлассын!
Құтты болсын айтамыз тойыңызға,
Той иесі, тойыңыз тойға ұлассын!





Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 9 872
Рейтинг:
(голосов: 24)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .