Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Балалық) » ZHARAR © 2017 | сәбит дөнентаев Балалық өлең стихи на казахском сабит донентаев казакша олен, сәбит дөнентаев өлеңдері, стихи на казахском языке сабит донентаев, сабит донентаев олендери, Балалық, балалык шак туралы олендер, балалық шақ туралы өлең жолдары, балалық шақ туралы өлеңдер




  • »

Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Балалық)

Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Балалық) казакша Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Балалық) на казахском языке

Алдау үшін көз жұмғанды «өлді» деп,
Уансын деп ұсынғанды «берді» деп.
Көңлін жыртпай шұлғығанды «сенді» деп,
Нені көрсе соған ерген балалық.
Ыстық ұрттап ауызы күйген «салқын» деп,
Иегіне шұлғау орап шәрпім деп,
Жылтыраса санын соғып «алтын» деп,
Сыртқы көзбен баға берген балалық.
Шығын демей қирағанды, күйгенді,
«Тек отыр» деп дұшпан көріп тигенді,
«Құбыжық» деп бөркін теріс кигенді,
Жығылғанын жұрттан көрген балалық!
«Ел қыдыртам, мінгіземін тайға» деп,
«Қаймақ пенен тойғызамын майға» деп,
Алдағанның бірін ұқпай айла деп,
Қолдағысын бәрін берген балалық.
Заман өтіп бара жатыр желдетіп,
Өзге халық өсіп жатыр ер жетіп,
Текке отырған, көздің жасын көлдетіп,
Қашан кетер біздің елден балалық.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 550
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .