Алматылық бикеш оңтүстік пен солтүстіктің сексуалды өмірі жайлы баяндап берді » ZHARAR © 2016 | еркектердің, еркектер, бикеш, келеді, әйелінің, Клеопатра, әйелдің, жібергенін, тартып, шапалақпен, өздерін, қалайтындары, көнбіс, салады, қарапайым, мойынына, алматылық, кейде, арасында, тауқыметін




  • »

Алматылық бикеш оңтүстік пен солтүстіктің сексуалды өмірі жайлы баяндап берді

Алматылық бикеш оңтүстік пен солтүстіктің сексуалды өмірі жайлы баяндап берді казакша Алматылық бикеш оңтүстік пен солтүстіктің сексуалды өмірі жайлы баяндап берді на казахском языке

Жұрт арасында жұбайлық өмір, адалдық жайлы көп әңгіме қозғалса да, Қазақстанда танысу сайттарының дәурені дүркіреп тұр. Еркектер қауымы бастан кешер қызықты жайттарға тап болғысы келеді. Тіпті кейде өздерін әйелдің шапалақпен тартып жібергенін қалайтындары да бар.

Өзін Клеопатра деп таныстырған Алматы тұрғыны ер адамдардың ең батыл, ерекше сұраныстарын орындайтын бикештердің қатарынан деп жазады «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Клеопатраның айтуынша, ол жыныстық қызмет түрін ұсынбайды, бірақ еркектердің психологиялық мәселелерін шешуге көмектеседі. Оның арнайы психолог мамандығы бойынша дипломы да бар.

Сылқым бикеш Астана мен Қарағанды қалаларына жиі жол жүретінін баяндайды. Оның пікірінше, еркектердің құмарын қарапайым қара тері, айшықты шұлық және стриптиздік аяқ киім оятады екен. Бірақ, бұдан бөлек өзгеше заттарды қолданатын еркектер де табылатын көрінеді.

«Кездесуге әйелінің заттарын, әтірі себілген дүниелерін әкелетін еркектер болады. Олардың жұбайы көнбіс болғандықтан, мен де сол рөлге еніп, "Иә, жаным. Айтқаның болсын, қымбаттым" деп сөйлеуім керек. Олар менің әйелінің есімімен шақырады, ал мен әйелінің тартқан тауқыметін еске салатындай етіп жалпақ белбеумен әлгі еркектің арқасынан, қолынан, белінен, санынан ұра бастаймын және олардың өкінішіне мән бермеймін", - деп тәжірибесімен бөлісті Клеопатра.

Дегенмен, сылқым бикеш мұндай еркектердің Алматыда сирек ұшырасатынын мойындайды. Себебі, оңтүстік өңірде еркектер тозақ өмірге үйреніп қалған.

"Онтүстіктің қыздары қарапайым, биязы болып келеді деген өтірік. Олар баланы туа салып, қоқыс жәшігіне, одан қалса, әжетханаға тастап кете салады. Сосын қыздығын 40 мың теңгеге қайта тіктіріп, пәк күйінде күйеуге шығады. Күйеуінің мойынына отырып алып, ұнжырғасын түсіріп, өз отбасын да ортаға салу - күнде кездесетін жағдай", - деп есептейді алматылық бикеш.

Ал солтүстік өңірдің адамдары Клеопатра байқағандай, көнбіс келеді. Олар үйдің тауқыметін өз мойынына алады. Дәл сондай еркектер Клеопатраға сұрау салады. Сондықтан, алматылық бикеш әйелдерге төсек қатынасын жаңғыртып, күйеуімен біраз көңіл көтеруге кеңес береді. Көнбіс әйелдің орнында әмірші әйелін көрген еркектердің қуанышында шек болмайды.


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 769
Жаңалық айдары: Қоғам, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .