» » » Бақтияр Артаев Төреғали Төреәліге "Mercedes" сыйлады

Бақтияр Артаев Төреғали Төреәліге "Mercedes" сыйлады

Бақтияр Артаев Төреғали Төреәліге "Mercedes" сыйлады казакша Бақтияр Артаев Төреғали Төреәліге "Mercedes" сыйлады на казахском языке
Әнші Төреғали Төрәлі "Дидар" басылымына берген сұхбатында танымал боксшы Бақтияр Артаевтың оған "Мерседес" автокөлігін сыйға тартқанын баяндап берді.

Төреғали мұндай қомақты сыйды өмірде де, өнерде де көп алмағанын алға тартты.

"Айтыста жүргенде «Тойота 25» деген машина жеңіп алғанмын. Күні кешеге дейін сонымен жүрдім. Кейде таксимен, кейде жаяу да жүре береміз. Жуырда боксшы Бақтияр Артаев ағамыз «Мерседес 221» маркалы машина тарту етті. Әзірге ең жақсы сый осы болып тұр", - дейді ақын.

Төреғалидың сөзінше, өнерден түскен табыс тек қана өнерге ғана жұмсалады. Ән жаздырып, бейнебаян түсіруге қажетті қаражатты табу мәселесі әкесінің мойнында. Өйткені, әншінің басқа демеушісі жоқ.

Төреғали шамалы уақытта халықтың көзайымына айналғанын 90 пайыз әкесінің еңбегі деп біледі. Әкесі оны кішкентайынан жанына ертіп жүріп, өмір мен өнердің қыр-сырына баулыған.

Әртіс негізгі мамандығы актер екенін айта келе, әншілік жолға түскеніне еш өкінбейтінін жеткізді.

"Актерлікті оқып жүргенде айтысқа көп шығатынмын. Ол кезде киноға түсуге шақырту көп түсетін еді. Бірақ бұл жолға түскеніме еш өкінбеймін. Өйткені, әншілік өнердің айтыста тигізген пайдасы көп", - дейді Төреғали.

Әңгіме арасында Төреғали ақындармен Меккеге барған сапары жайлы да баяндап өтті.

"Қайрат Сатыбалды ағамызмен бірге Меккеге барудың сәті түсті. Ол жақта қағбаны айналып, дұға жасағанда, Құдайдың соны іштей қабыл ететінін сезгендей болдым. Сондықтан болар, Меккеде өзімді жайлы сезіндім", - дейді жас әнші.

Әртіс халыққа беймәлім қырлары жайлы да сыр тарқатты. Домбыра жинағанды ұнататын әнші қолы бос кезде домбыраны арнайы шеберлерге тапсырыс беріп жасататынын тілге тиек етті. Төреғали қағазға түрткен жазбаларын да кітап етіп шығаруды жоспарлап отыр.

"Келешекте сапасы сын көтеретін шығармашылық туындыларымды кітап қылып шығарсам ба деген ойым бар", - дейді ақын.

Төреғали Төреәлі болашақта жолы түссе, көгілдір экраннан көрінуі мүмкін екенін де айтып қалды. Бірақ әзірге телехикаяға түсу әртістің жоспарында жоқ.

Автор: Kazbek | 2 252 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өмірбаян: Қожа Бақтияр Абдуллаұлы (1957 жылы)
Өмірбаяндар жинағы
Өмірбаян: Қожа Бақтияр Абдуллаұлы (1957 жылы)
Өмірбаян: Бақтияр Артаев Ғарифоллаұлы (14 наурыз 1983 жылы)
Өмірбаяндар жинағы
Өмірбаян: Бақтияр Артаев Ғарифоллаұлы (14 наурыз 1983 жылы)
Өмірбаян: Бақтияр Қожа  (5 қаңтар, 1957 жылы)
Өмірбаяндар жинағы
Өмірбаян: Бақтияр Қожа (5 қаңтар, 1957 жылы)
Төреғали Төреәлі тағы да ұшақ бортында заң бұзды (фото)
Qazaqstan жаңалықтары
Төреғали Төреәлі тағы да ұшақ бортында заң бұзды (фото)
«Шегіп алған» Төреғали Төреәлі желіні шулатты (видео)
Qazaqstan жаңалықтары
«Шегіп алған» Төреғали Төреәлі желіні шулатты (видео)
Роза Әлқожа Төреғалидің ән орындау шеберлігін ұнатпай, сынап тастады (фото)
Qazaqstan жаңалықтары
Роза Әлқожа Төреғалидің ән орындау шеберлігін ұнатпай, сынап тастады (фото)
Тойға бірнеше оққағарын ертіп келген Қайрат пен Төреғали жұртты таңғалдырды (фото)
Qazaqstan жаңалықтары
Тойға бірнеше оққағарын ертіп келген Қайрат пен Төреғали жұртты таңғалдырды (фото)
Төреғали Төреәлі өзінің заңды жұбайын көрсетті (фото)
Qazaqstan жаңалықтары
Төреғали Төреәлі өзінің заңды жұбайын көрсетті (фото)
Ұшаққа билетсіз кірген Төреғали бір жылға түрмеге түсуі мүмкін (видео)
Qazaqstan жаңалықтары
Ұшаққа билетсіз кірген Төреғали бір жылға түрмеге түсуі мүмкін (видео)
Төреғали Төреәлінің жаңа киім үлгісі желіде дау тудырды (фото)
Qazaqstan жаңалықтары
Төреғали Төреәлінің жаңа киім үлгісі желіде дау тудырды (фото)
Төреғали Төреәлінің анасы "тентек" ұлының даулы оқиғалары туралы айтты
Qazaqstan жаңалықтары
Төреғали Төреәлінің анасы "тентек" ұлының даулы оқиғалары туралы айтты
Сахнада баланың аузына түкіріп, теуіп жіберген Төреғали сынға ұшырады (видео)
Qazaqstan жаңалықтары
Сахнада баланың аузына түкіріп, теуіп жіберген Төреғали сынға ұшырады (видео)
Басты рөлді Төреғали мен Ерке Есмахан сомдайтын жаңа комедиялық фильм жарыққа шығады
Qazaqstan жаңалықтары
Басты рөлді Төреғали мен Ерке Есмахан сомдайтын жаңа комедиялық фильм жарыққа шығады
Төреғали мен Еркенің "Алло" әнін қырғыздар да шырқап жатыр (видео)
Qazaqstan жаңалықтары
Төреғали мен Еркенің "Алло" әнін қырғыздар да шырқап жатыр (видео)
Қазақша өмірбаян: ӘЛИХАНОВ Төреғали Төреәлі (видео)
Өмірбаяндар жинағы
Қазақша өмірбаян: ӘЛИХАНОВ Төреғали Төреәлі (видео)
Қазақша өлең: Төреғали Төрәлі (Қазақпын дейдi жүрiп Гена алыста)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Төреғали Төрәлі (Қазақпын дейдi жүрiп Гена алыста)

KZ / Qazaqstan жаңалықтары, Төреғали, дейді, Бақтияр, жайлы, баяндап, боксшы, Өйткені, әкесінің, деген, машина, өнердің, әншілік, Меккеге, кітап, Бірақ, кезде, жүргенде, жолға, Әртіс, екенін, Бақтияр Артаев Төреғали Төреәлі, Бақтияр Артаев, Төреғали Төреәлі, Төреғали дейді Бақтияр жайлы баяндап боксшы Өйткені әкесінің деген машина өнердің әншілік Меккеге кітап Бірақ кезде жүргенде жолға Әртіс екенін, Бақтияр Артаев Төреғали Төреәліге "Mercedes" сыйлады