Қазақстандықтар Жаңа жылдық кештерінде тек Қайрат Нұртасты көргісі келеді

Қазақстандықтар Жаңа жылдық кештерінде тек Қайрат Нұртасты көргісі келеді казакша Қазақстандықтар Жаңа жылдық кештерінде тек Қайрат Нұртасты көргісі келеді на казахском языке

Жаңа жылдық кештер үшін қазақстандықтар қаражат үнемдемейді. Мейрамхана жалдап, ат терлетіп шетелден әртістер шақырады деп хабарлайды 24.kz.

«Жабық» есік жағдайында өтетін жаңа жылдық кештің бағасы жарты миллионға дейін барады. Жаңа жылдың табалдырығын аттауға санаулы ғана күндер қалды. Қазір салтанат сарайларында мерекелік шаралар күнде өтіп жатыр. Дағдарысқа қарамастан Астананың қақ ортасында ашылған мына мейрамханада жаңа жылды қарсы алу, адам басына 50 мың теңгеден жарты миллионға дейін жетеді. Соған қарамастан бос орын жоқтың қасы.

"Қараша айынан бастап халықтан тапсырыстар түсті. Қазір бізде бірнеше ғана орын қалды. Біз Ресейден танымал әнші Ханнаны шақырдық. Кеште белгілі жүргізушілер мен ди-джейлер өнер көрсетеді. Астанадағы мейрамханаларда жаңа жылдық дастархан үшін адам басына 25-35 мың теңге кетеді. Ал 5 жұлдызды қонақ үйлерде 200 мың теңге қалдырасыз. Бурабайда бұл баға 2 жарым есе қымбат", - дейді мейрамхананың арт-директоры Екатерина Михер.

Жаңа жылды тойлауға ұлттық компаниялар да тыңғылықты дайындалады екен. Мерекелік кештерді ұйымдастыратын арнайы агенттік өкілдерінің айтуынша, көбіне алпауыт компаниялардан тапсырыс түседі. Отандық әншілерге де сұраныс аз емес.

"Шынын айтсақ, бірінші кезекте Қайрат Нұртасты сұрап жатады. Әрине «Домино», «Кешью» топтары мен Айқынға да тапсырыс аз емес. Ал ересек адамдар жиналатын кештерде жұрт Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны көргісі келеді. Алайда Рымбаеваның жеке кештерге қатысуға уақыты бола бермейді", - дейді ивент агенттіктің үйлестірушісі Ксения Сушкова.

Отандық әншілердің жаңа жылдық кештерде өнер көрсетуі 10 мың долларға дейін бағаланады. Алайда әншілер тапқан табысын құпия сақтағанды жөн санайды.

"Ол құпия. Оны айта алмаймын мен. 31 күні мысалы Астанада халықпен бірге қарсы аламыз. Басқа да осы ресторандарда жұмыс істейміз дегендей", - дейді әншіАйқын Төлепберген.

Сәнді көйлектерді де қыз-келіншектер ерекше талғаммен таңдайды. Дизайнерлік киімдер 30 мың мен 300 мың теңгенің аралығында. Ал жеке тапсырыспен тігілген көйлек мың доллардан жоғары тұрады.

Сәнді көйлекке сай бояу жағып, шаш үлгісін жасайтын сұлулық салондарында да бос уақыт жоқ. Ол үшін алдын ала жазылу керек. Шашты сәндеу 4-10 мың, бетті әрлеу 6 мың мен 15 мыңның аралығында тұрады.

Дегенмен, жаңа жылдық кештерден бас тартып, жиған-тергенін қайырымдылыққа жұмсайтын жомарт жандар да аз емес.

КӨРНЕКІ ФОТО: IMPERIAPRAZDNIKA.UA




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, жылдық, дейді, дейін, қарсы, тұрады, Сәнді, миллионға, басына, жылды, қалды, аралығында, қарамастан, тапсырыс, Отандық, құпия, Қазір, Алайда, жарты, Мейрамхана, жалдап, Қазақстандықтар, Қазақстандық, Қазақстан, Қазақ, Жаңа жыл, Жаңа, жыл, Жаңа жылдық кеш, Жаңа жылдық кештер, Қайрат Нұртас, Қайрат, Нұртас, жылдық, дейді, дейін, қарсы, тұрады, Сәнді, миллионға, басына, жылды, қалды, аралығында, қарамастан, тапсырыс, Отандық, құпия, Қазір, Алайда, жарты, Мейрамхана, жалдап, Қазақстандықтар Жаңа жылдық кештерінде тек Қайрат Нұртасты көргісі келеді, Қазақстандықтар Жаңа жылдық кештерінде тек Қайрат Нұртасты көргісі келеді