2014 жылдан бастап байлыққа салық салынады » ZHARAR © 2016 | салық, көлемі, салықты, теңге, текше, пәтер, мемлекетке, төлейсіз, құнының, пайызын, деген, теңгеден, көліктерге, сантиметрден, талқылау, Қозғалтқыш, салынатын, қабылдай, Себебі, алмаймыз




  • »

2014 жылдан бастап байлыққа салық салынады

Жаңа жылда - жаңа төлем. 2014 жылдан бастап байлыққа салық салынады. Осылайша қазақстандықтар бекітілген көрсеткіштер бойынша қолда бар мүлкі үшін мемлекетке салық төлейді.

Мысалы, баспанаңыздың құны он миллион теңгеден асып жығылса, он бір мың теңге салық, оның үстіне пәтер құнының 0,25 пайызын төлейсіз. Ал үйіңіз жиырма миллионға жуықтаса 40 мың теңге салық пен пәтер құнының 0,45 пайызын мемлекетке төлеуге міндеттелесіз.

Ал элиталы пәтер үшін салық 800 мың теңгеден асып жығылмақ. Көлікке салынатын салық мөлшері де шарықтап тұр. Қозғалтқыш көлемі 3-4 мың текше сантиметрлік темір тұлпар үшін 60 мыңнан 120 мың теңгеге дейін салық төлейсіз.

Ал қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметрден жоғары көліктерге салынатын салық 240 мың теңге болмақ.

Естеріңізге салайық, мұндай салыққа қатысты заң жобасын талқылау кезінде Парламент депутаттары арасында қызу талқылау болған еді. Қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрден асатын көліктерге салықты көтеру негізсіз деген парламентшілер, салықты біраз сын садағына алған.

"Біз бұл жобаны қабылдай алмаймыз. Себебі бұл жоба Президент бұйрығына кереғар. Салық жобасына толықтырулар енгізер кезде біз қалталы азаматтарға салмақ салуды көздедік. Демек орта тап зардап шекпеуі тиіс. Сондықтан салықты қымбат көлігі мен үйі барлар төлеуі тиіс!", - деген болатын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 4 047
Жаңалық айдары: Экономика және бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .