Қазақстанда темекі мен алкоголь өнімдерінің бағасы қымбаттайды
Қазақстанда алкоголь өнімдері мен темекі акцизі айтарлықтай өседi. Оны келесі жылдан бастап 2019 жылға дейін кезең-кезеңімен көтеру жоспарланып отыр.
Бұл туралы baq.kz порталы хабарлайды.
Ішімдіктің 1 литрі үшін акциз мөлшері 85 пайызға, темекінің 1000 данасы үшін 74%-ға дейін өседі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
«Алкоголь және темекі өнімдеріне акциздердің фискалдық функциясын күшейту мақсатында акцизді сатылап ұлғайту ұсынылып отыр. Қолданыстағы салық кодексінде акциз мөлшері 2014-2016 жылдарға белгiленген. Ал 2017-2019 жылдарға акциз мөлшері анықталмаған», - деді Бишімбаев.
Сонымен, 2017 жылы алгокольдік өнімнің 1 литрі үшін акциз мөлшері 2000 теңге көлемінде белгіленбек. 2019 жылы салық 2550 теңгеге дейін өседі. Осылайша, қазіргі уақыттағы акцизбен салыстырғанда 85 пайызға артады.
«Сыра және сыра сусындарының 1 литрі үшін акциз 2017 жылы – 39 теңге, 2019 жылы – 57 теңгеге дейін ұлғаяды. 2016 жылмен салыстырғанда өсім 219%-ды құрайды», - деді Қуандық Бишімбаев.
Ал темекі өнімдерінің 1000 данасы үшін 2017 жылы 6200 теңге, 2019 жылы 8700 теңге мөлшерінде салық салынады. Бүгінгі күнмен салыстарғанда акциз өсімі 74% болады.
«Алкоголь өнімдерін экспорттау кезінде қосарланған салық салуды болдырмау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында алкоголь өнімдерін өндіру үшін өндірісте пайдаланылатын этил спирті акцизінің нөлдік мөлшерлемесін белгілеу ұсынылады. Ресей мен Беларусьте де осылай босатылады», - деді министр.

ФОТО: NEWSDAY29.RU
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?