Шенеуніктер баспана салығын мың пайызға көтермек » ZHARAR © 2016 | салық, теңге, жатыр, шаршы, метрлік, Қаржы, Салық, қызметкерлерінің, экономиканы, пайызға, баспанаға, министрі, көлеңкелі, Досаев, өспек, бюджетке, қазіргі, салықты, уақытта, бүгін




  • »

Шенеуніктер баспана салығын мың пайызға көтермек

Қаржы министрінің орынбасары Руслан Дәленов бүгін әлеуметтік желілерде жарылыс  жасады. Алдағы уақытта көбеймек баспана салығының нақты сомасын ол өзінің "твиттер" парақшасына жариялап жіберді.

Фото: news.mail.ru
Фото: news.mail.ru

Оған көз жүгіртсек, пәтер салығы  бір екі емес, жүз пайыздап көтерілмек.

Астана мен Алматы және облыс орталықтарындағы баспанаға қатысты көбеймек салықтың салмағын  Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев осыған дейін шенеуніктік тілмен жалпылама түсіндіріп келген еді. Қаржы вице-министрі бүгін өспек пайыздарға нақты тіл бітірді.

Мәселен, үкіметтің есебінше  45 шаршы метрлік пәтері барлар  1805 теңге салық төлеп келсе, енді 5827 теңгеге шығындалмақ. Яғни, олар үшін салық 323 пайызға өспек. Ал, 80 шаршы метрлік үйдің иесі қазіргі 4 708 теңгенің орнына 18 433 теңге төлемек. Бұл 392 пайыз. Ал, 151 шаршы метрлік баспанаға 16 429 теңге төлеушілер алдағы уақытта 172 116 теңге бермек. Бұл 1048 пайызға жоғары.

"Салықты осылайша шарықтап өсіру - бюджет тесігін жамаудың амалы емес" деген еді министр Досаев.  Экономистер бұл пікірге келіседі. Бірақ, олардың ойынша, қазіргі күн тәртібіндегі мәселе салықты көбейту емес, қайта салық жүйесінің жұмысын жақсартып, көлеңкелі экономиканы жою.

"Салық қызметкерлерінің қызметі шала. Сол себепті, бюджетке толық ақша түспей жатыр.  Ал егер ертең салық көлемі артатын болса, онда жемқорлық жайлап,  көлеңкелі экономика өркендейді. Бұл бүкіл экономиканы, дамуды  артқа сүйрейді. Сондықтан, салық көлемін көбейткенше, бар мөлшердегі салықты дұрыстап өндіріп алса...", - дейді экономист Олжас Құдайбергенов.

Алайда, комитет басшысының сөзі басқа. Айтуынша, тиісті қаржы бюджетке түсіп жатыр. Дегенмен, қол астындағы кейбір қызметкерлерінің сыбайластыққа жақындығын да терістей алмады. Салық мөлшері көбейген кезде жемқорлықтың одан әрі асқынбасына әзірден шаралар қарастырып та жатыр екен.

"Жемқорлыққа алып келер нәрсе - қызметкер мен салық төлеушінің бірімен- бірінің жолығуы. Соны болдыртпай, ЦОН секілді жасауды ойлап отырмыз", - деді ҚР Қаржы министрігінің Салық комитеті төрағас Әнуар Жұмаділдаев.

Жүз еселеп көтерілетін пәтер салығына қатысты заң жобасы парламент қоржынына әлі түскен жоқ. Бірақ, депутаттардың өздері бұл өзгерістің ауадай қажеттін айтып, әзірден қолдап дауыс беруге қомданып дайын отырғандай.
 



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 177
Жаңалық айдары: Экономика және бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .