Қайрат Нұртасты "тірідей" көрген мейрамхана қызметкері қуаныштан талып қалған

Қайрат Нұртасты

Алматы қаласындағы мейрамханалардың біріне тойға келген Қайрат Нұртасты көрген мекеме қызметшісі қатты толқығаннан есінен талып қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы мейрамхана даяшыларының бірі айтып берді.

"Біздің мекеме Алматыдағы элиталы, қымбат, әрі танымал мейрамханалардың бірі. Мұнда ауқатты адамдар ғана той жасайды. Соған сай әр тойда эстрадамыздағы небір танымал әншілерді көруге болады.

Осындай тойдың біріне Қайрат Нұртас келеді дегенді естідік. Бізбен бірге мейрамханада жұмыс істейтін апайымыздың ұлы да, өзі де Қайратты қатты жақсы көреді екен.

Асаба "Қайрат Нұртасты қарсы алыңыздар",- деп ортаға шақырып, Қайрат ән айтып жатқанда әлгі апайымыз әкімшіліктен барып, видеоға түсіруге рұқсат сұрады. Олар рұқсатын берген соң, ұялы телефонына әншіні видеоға түсіріп тұрған апай екінші ән біткенде талып қалды.

Ол кезде Қайрат әнін бітіріп, қайтып бара жатқан. Содан әлгі кісінің бетіне су шашып, есін жинатып жатсақ, апайымыз "Мен Қайрат Нұртасты тірідей көрдім ғой, Қайратты көрдім", - деп жерде бетін басып, мәз болып жатыр.

Біздің мейрамханада мұндай оқиғалардың неше түрі болып жатады. Бірақ, осы оқиға есімізде ерекше болып қалды", -дейді даяшы.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, Қайрат, Нұртасты, талып, мекеме, қатты, болып, мейрамханалардың, біріне, мейрамханада, танымал, Біздің, Алматы, видеоға, көрдім, қалды, айтып, апайымыз, Қайратты, толқығаннан, есінен, Қайрат Нұртас, Қайрат, Нұртасты, талып, мекеме, қатты, болып, мейрамханалардың, біріне, мейрамханада, танымал, Біздің, Алматы, видеоға, көрдім, қалды, айтып, апайымыз, Қайратты, толқығаннан, есінен, Қайрат Нұртас, Қайрат Нұртасты "тірідей" көрген мейрамхана қызметкері қуаныштан талып қалған, Қайрат Нұртасты "тірідей" көрген мейрамхана қызметкері қуаныштан талып қалған

  • Анализ сайта www.zharar.com