Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайраттай бола алмайды

Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайраттай бола алмайды

Гүлзира Айдарбекова өзінің ұлы Қайрат Нұртас секілді әндерінің барлығы хит болған әншіні білмейтінін айтты. Сонымен бірге, ол Қайратты Төреғалимен, Димашпен салыстырып, қайсысы мықты екенін анықтағысы келгендерге де жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Астана" арнасының "Сырласу" бағдарламасында айтты.

Ол өзінің ұлын өзге жас әншілермен салыстырғандарды түсінбейтінін айтты. Оның пікірінше, әр әншінің эстрадада өз орны бар.

"Қайраттың әндері түгел хит болды. Ондай әншіні көрген жоқпын, білмейді екенмін. Мейрамбектің әні хит болған шығар... Басында Мейрамбекпен салыстыратын.

Толқын Забировалар "Сен Мейрамбектей бола алмайсың" деп қанша көңілімізді түсірді. Одан кейін Қайратты танымайтын, тыңдамайтын Бибігүл апамызға дейін оны сынап тастады. Қасында Толқын Забирова шәкірті болып жүрген. Соның сөзіне еріп кеткен шығар.

"Тыңдамаймын" деген сияқты әңгіме айтып қалды. Бірақ ол апамызды барлығымыз жақсы көреміз. Қайрат "бір қателескен жері шығар" деп әлі күнге дейін жақсы көреді", - деді ол.

"Мейрамбектен кейін Ернар Айдар шығып келе жатқан кезде, "ойбай, Қайрат, сенен озып бара жатыр" деді. Одан соң Төреғалимен салыстыра бастады. Енді Димашпен салыстыруды шығарды. Басында қатты әсер еткен. Неге Мейрамбекпен салыстырады? Ол Мейрамбекті биік тұлға санайтын, ағасы көріп, содан үлгі алды", - деп наразы болды ол.

"Қайрат жететін шыңына жетіп қойды, ол біреуден кем түсіп қалады деп қорықпаймын. Әр әншінің орны бір басқа. Қайрат сияқты ешкім бола алмайды", - деді Гүлзира Айдарбекова.

"Екеуін салыстыруға мүлдем келмейді. Димаш конкурстың әншісі, оның даусы сұмдық, керемет. Ал Қайрат конкурстың әншісі болмайды. Қайрат Димаш бола алмайды, ал Димаш Қайрат бола алмайды", - деді әншінің анасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Bauyrzhan Idrissov
    Bauyrzhan Idrissov 21.06.2017 07:21
    0 + 0 -
    соқталдай жігіт ағасы болған ұлының тілі жоқ па, немене? шал болғанша осылай қорғаштап, от пен суға түсірмейм деп мекиен тауықтай безек болған байғұс. ақшасы болмаса осы бір айдарбекова сияқтылар кімге дәрі, ақылсыз бір қатын да
  2. Мерей Тлеукабыл
    0 + 0 -
    Ақшаға құнығып, көзін шел басқан екен. Нағыз ана баласын олай қорғаштамайды. Расымен баласын жақсы көрсе, ұлыны ұлы деп, жақсыны жақсы деп танытуы керек. іштарлықпен Димаш Қайрат емес деген сөздері Қайраттың анасының ішкі дүниесін бірақ ашып салды. бірден көре алмайтындығы, іштарлығы, қызғаншақтығы байқалды. Өнерді сүйетін адам ретінде Димаштың өнерін бағалап, құрметтенуі керек еді. Бірауыз жылы сөз арнауы тиіс еді
  3. Gulzhanat Ashikbaeva....
    Gulzhanat Ashikbaeva.... 27.05.2017 15:24
    0 + 0 -
    Ештене түсінбец жаза бересиндер. Гулзира ханым дурыс аитады. Əр əншінің өз орны бар.
  4. Gulzhanat Ashikbaeva....
    Gulzhanat Ashikbaeva.... 27.05.2017 15:23
    0 + 0 -
    Ештеме тусинбей Жаза бересиндер. Гулзира ханым əр əншінің өз орны бар деп отыр го. Дурыс. Салыстырудын қажеті жлк
  5. Мухит Касымов
    Мухит Касымов 27.05.2017 14:53
    0 + 0 -
    КАЙРАТ НУРТАС ДЕГЕН КИМ.......ДИМАШТАЙ БОЛУ КАЙДА .....ГУЛЗИРА ОЗИНИН КАНДАЙ ЕКЕНИН КОРСЕТИП ЖАТЫР ГОЙ.....АЙ.АЙ.АЙ....