Қайрат Нұртастың анасы ұлын "мамасының баласы" деп қағытқандарға жауап берді (видео) » ZHARAR © 2016 | анасы, үлкен, әншінің, Айдарбекова, Гүлзира, сүтін, маған, Қайрат, Анасыз, берді, деген, қағытқандарға, продюсері, баласы, жауабын, мамасының, Нұртастың, керек, Ананың, бетінде




  • »

Қайрат Нұртастың анасы ұлын "мамасының баласы" деп қағытқандарға жауап берді (видео)

Қайрат Нұртастың анасы ұлын

Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлын "мамасының баласы" деп қағытқандарға өз жауабын берді.



Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 8 жаста ән салған видеосын әлеуметтік желі қолданушыларына назарына сала отырып, әншінің алғашқы үлкен сахнаға аттаған қадамы "Ана" әнімен басталғанын жазған.

«Мамасының баласы» деп қанша жерден мұқату болса да айтарым: Өмір — Ана атаулымен басталады. Анасына деген үлкен махаббатымен құрметін көрсете алған бала жеріне де, еліне де үлкен құрметпен қарайды деп ойлаймын", - деді әншінің анасы.

Сондай-ақ, продюсер сөз арасында есіне түскен өлең жолдарын да көпшілікке жариялаған.

"Анасыз керек емес тақ та маған,
Адам ба ана сүтін ақтамаған?
Адам боп жүрмесең де жер бетінде,
Ананың махаббатын сақтамаған.
Азамат ұмытуға хақың бар ма?
Ақ сүтін емген ғалым, ақындар да
Көгімде ұшып жүрген бақыт құсы

Анасыз, сірә, маған жақындар ма?", - деген жыр шумақтарымен әншінің анасы көптің көкейіндегі сұраққа жауап қатты.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 1 160
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .