"Дәл мені ұстағысы келді ме": Мейрамханада ұсталған Қайрат Нұртас оқиғаға пікір білдірді
Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас Алматыдағы карантин уақытында мейрамханалардың бірінде өзінің ұсталуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды nur.kz.
Эстрада жұлдызы өзінің мониторингтік топқа ұсталып қалғанына қатысты Instagram парақшасындағы stories-де пікір білдірген.
"Ассалаумағалейкүм, қалайсыздар? Амансыздар ма? Не әңгіме болып жатыр? Қашты дей ме? Құдайға шүкір, Алматыда жүрміз. Кеше бір ағаларымыздың туған күніне барып едік. Дәл мені ұстағысы келді ме, білмеймін әйтеуір, маған қарап қалды ма? Бірақ, Алланың көзі тура болсын. Құдай бар ғой, жақсылық болсын!", - дейді Қайрат Нұртас.
Еске сала кетсек, бұған дейін мониторингтік топтан қашпақ болған Қайрат Нұртас видеоға түсіп қалған еді. Осы сәтті Алматы телеарнасының тілшілері түсіріп алған.
Әншіні көлеңкелеуге тырысқан күзетшілер тілшілерге тап берген. Тіпті, телеарнаның операторына шабуыл жасап, камераны сындыруға тырысқан.
Айта кетсек, мониторингтік топ пен қалалық штабтың мамандары бірлесіп, көңіл көтеретін орынның ішіне 3 сағат дегенде әзер кірген.
Бұл Қайрат Нұртастың аты аталған алғашқы жағдай емес. Осыған дейін әлеуметтік желіде Семейдегі мейрамханалардың бірінде болған тойдың видеосы тараған еді. Желі қолданушыларының сөзінше, мерекелік шарада Қайрат Нұртас та болған. Артынша ролик желіден өшірілді.
Кейінірек, жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пікір білдірді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?