Ұйымдастырушылар Қайрат Нұртасты концертке алдап шақырған » ZHARAR © 2017 | Ұйымдастырушылар Қайрат Нұртасты концертке алдап шақырған қазақша жаңалық, свежие новости на казахском Ұйымдастырушылар Қайрат Нұртасты концертке алдап шақырған, казакша жаналык Ұйымдастырушылар Қайрат Нұртасты концертке алдап шақырған




  • »

Ұйымдастырушылар Қайрат Нұртасты концертке алдап шақырған

"Құрметті менің тыңдармандарым, достар! Орын алған оқиға барлығымыз үшін жағымсыз болды", деді Қайрат Нұртас Алматыдағы баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біздің дамып жатқан елімізде осындай оқиғаның қалайша орын алғанын әлі де түсіне алмаудамыз. Ол жақта адамдар өте көп болатын, сондықтан ақыры осындай болды. Барлығын сабырлық сақтауға, мұндай қылық көрсетпеуге шақырамын. Бізді батыс бақылап отыр емес пе? Барлығын ақылға салып шешейік", – деді әнші жастарға.

"Бұл менің шығармашылық кешім, концертім емес болатын. Мені караоке-баттлдың марапаттау салтанатында ән айту үшін шақырды. Мен кеткен жоқпын. Ол жақта көлік те көп болатын. Көлікті қою үшін 20 минут жоғалттым. Зорға дегенде сахнаға шығып, ән орындай бастадым. Бірақ адамдар арасында сығылыс басталып, менің ән айтуды тоқтатуыма тура келді. Ұйымдастырушылар менің қауіпсіздігімді қамтамасыз ете алмайтындарын айтты", – деді Қайрат Нұртас.

Әнші Қайрат Нұртастың өнер көрсетуді тоқтатуын оның арт-директоры Мира Келімбетова ән орындауға қолайлы жағдай жасалмауымен түсіндіреді.

"Айтып өту керек, ол Қайрат Нұртастың жеке концерті болмағанын айтқым келеді. Караокені ұйымдастырушылар билбордқа Қайрат Нұртас пен оның тегін өнер көрсетуі туралы жазған. Бұл солардың қателігі. Біріншіден, олар Қайраттың дұрыстап ән салуы үшін қолайлы жағдай жасамаған. Біз көпшілікке кінә артпаймыз. Екіншіден, Қайраттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет болған жоқ. Сондай-ақ, сахна да дұрыс болған жоқ", – деп түсіндірді М.Келімбетова.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 4 265
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .