Audi A3 жылдың үздік автокөлігі атанды » ZHARAR © 2017 | Audi A3 жылдың үздік автокөлігі атанды, Audi A3, жыл, үздік, авто, көлік ,атанды




  • »

Audi A3 жылдың үздік автокөлігі атанды

Audi A3 жылдың үздік автокөлігі атанды казакша Audi A3 жылдың үздік автокөлігі атанды на казахском языке

Германиялық өндірістен шыққан үшінші буындағы Audi A3 автокөлігі Нью-Йоркте өткен халықаралық автосалонда жылдың үздік көлігі атанды.

Финалда ол BMW 4 Series және Mazda3 секілді бәсекелестерін басып озды, деп хабарлайды ИТАР ТАСС. Шешімді әлемнің 22 елінен жиналған автокөлік тақырыбында қалам тербейтін 69 журналист қабылдады.

Ережеге сәйкес, әділ қазылар алқасы үздік көліктерді кем дегенде екі құрлықта 2013 жылы жасалып, сатылымға шыққандардың ішінен таңдады.

Атап өтсек, биыл Нью-Йорктегі автосалонда үздік автокөлік атағы тек қана неміс концерндеріне бұйырды. Мысалға, жылдың үздік спорт автокөлігі атағын Porsche 911 GT3 алды. BMW i3 электромобилі екі категорияда жеңіске жетті – үздік экологиялық таза автокөлік және үздік дизайн.

Биыл Нью-Йорктегі автосалонда алғаш рет люкс тобындағы үздік автокөлік таңдалды. Мұндай атаққа Mercedes-Benz S-Class ие болды.

Бір жыл бұрын үздік автокөлік атағын жетінші буындағы Volkswagen Golf иеленген болатын.


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 1 406
Жаңалық айдары: Авто, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .