Лионель Месси сегізінші мәрте «Алтын доп» иегері атанды

Футболдан Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси мансабындағы сегізінші «Алтын добын» жеңіп алды.
2023 жылдың «Алтын доп» иегері Париж қаласында өткен салтанатты шарада анықталды. Лионель Месси басым дауысқа ие болып, футбол әлеміндегі маңызды жүлдеге лайықты деп танылды. Ол мансабындағы сегізінші «Алтын допқа» қол жеткізді.
Аргентиналық футболшымен бірге үздік үштікке «Манчестер Сити» командасының ойыншысы Эрлинг Холланд пен ПСЖ шабуылшысы Киллиан Мбаппе кірді.
Сондай-ақ, мадридтік «Реал» футболшысы Джуд Беллингем 21 жасқа дейінгі үздік ойыншыға табысталатын «Копа» жүлдесіне ие болды.
Ал жылдың ең үздік қақпашысы болып Аргентина құрамасының сапындағы Эмилиано Мартинес танылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге жаңажылдық шығуларына қанша жұмсайды
» Лионель Месси сегізінші мәрте «Алтын доп» иегері атанды
» Адам ағзасымен алып сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды