Роналду мен Месси әлемдегі ең қымбат көлікке таласып қалды

Роналду мен Месси әлемдегі ең қымбат көлікке таласып қалды

«Барселона» футбол клубының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы әлемдегі ең қымбат көлік - 1957 жылы шығарылған Ferrari 335 S Spider Scaglietti спорткарын сатып алды деп хабарлайды Bleacher Report.

Бұл туралы skifnews.kz хабарлайды.

Аталған автокөлік Париждегі аукционда сатылған. Әйгілі футболшы оған 32 миллион еуросын жұмсағаны белгілі болып отыр. Көлік бұған дейін италиялық кәсіпкер, тұрғын үй нарығының агенті Алессандро Протоға тиесілі болған.

Дереккөздің хабарлауынша, аукционға мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду да қатысып, Мессимен бірге біраз саудаласқан көрінеді. Алайда, Роналду спорткар үшін мұншама үлкен қаражат жұмсамайтынын білдірген екен.

Айта кетейік, дәл осы автомобильмен 1958 жылы британдық Стирлинг Мосс Кубадағы «Формул-1» бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, дәл осы көлік өзге де ірі жарыстарға қатысып, топ жарған.

Ал, Мессидің бұл осымен үшінші эксклюзивті спорткары. Бұған дейін футболшы Maserati GT Stradale және Audi R8 Spyder көліктерін сатып алған болатын. Екеуінің жалпы бағасы 517 мың еуроны құрайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?