Танымал бапкер: Головкинді өткен жылдың үздік боксшысы деп санаймын

Танымал бапкер: Головкинді өткен жылдың үздік боксшысы деп санаймын казакша Танымал бапкер: Головкинді өткен жылдың үздік боксшысы деп санаймын на казахском языке

Танымал жаттықтырушы Фредди Роуч Fighthype.com-ға берген сұхбатында өткен 2015 жылдың үздік боксшысы деп кімді санайтынын атады.

Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобында хабарланды деп жазады Қазақпарат.

Жылдың үздік боксшысы кім? Жұрттың пікірінше, Тайсон Фьюри, Флойд Мейвезер деген сауалға ол:

"Тайсон Фьюри? Ол кәрі Кличконы ұрып тастады. Иә, Фьюри жеңді және оған лайықты баға беріп отырмын, бірақ мен оны жылдың үздік боксшысы деп ойламаймын", - деген Роуч өзіне Головкиннің қатты ұнайтынын жеткізген.

"Маған Головкин қатты ұнайды. Ол өте жақсы және ақылды боксшы, ол рингте орынды жақсы ауыстыра біледі, өз-өзін ұстай алады. Мен оның Канеломен жекпе-жегін көргім келеді. Мен оны (жылдың үздік боксшысы атағына) таңдаймын, ол маған ұнайды, меніңше, ол жылды табысты өткізген", - деп сөзін түйді бапкер.

дереккөзі, ФОТО: AMSTERDAMBOXING.RU




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, боксшысы, үздік, жылдың, Фьюри, атады, ұнайды, қатты, деген, Тайсон, Танымал, санайтынын, жақсы, берген, Фредди, сұхбатында, кімді, өткен, жаттықтырушы, Fighthype, алады, боксшысы, үздік, жылдың, Фьюри, атады, ұнайды, қатты, деген, Тайсон, Танымал, санайтынын, жақсы, берген, Фредди, сұхбатында, кімді, өткен, жаттықтырушы, Fighthype, алады, Танымал бапкер: Головкинді өткен жылдың үздік боксшысы деп санаймын, Танымал бапкер: Головкинді өткен жылдың үздік боксшысы деп санаймын