АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады казакша АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады на казахском языке

Вашингтон Қырымды Ресейдің қосып алуына байланысты жаңа санкциялар жариялады.

АҚШ үкіметінің 11 сәуір күнгі мәлімдемесінде санкциялардың "Черноморнефтегаз" газ компаниясы мен Қырымдағы алты сепаратист саясаткерге, Украина облыстарын Ресейге қосуға талпынып жүрген Украинаның бұрынғы шенеунігіне қарсы" жарияланатынын айтады.

Бұл санкция бойынша жоғарыда аталған компания мен адамдардың АҚШ-қа қарасты барлық активтері құлыпталып, АҚШ азаматтарына олармен қандай да бір шарт жасасуға тыйым салынады.

Бұл Украина дағдарысына байланысты АҚШ салған санкциялардың үшінші толқыны. Қаржы министрі Джек Лью 11 сәуір күні Мәскеу райынан қайтпаса, АҚШ пен G7-нің (үлкен жетілік) бұдан басқа да шараларды қолданатынын тағы бір мәрте қайталады.




  • Анализ сайта www.zharar.com