УЕФА клубтардың жаңа рейтингін жариялады » ZHARAR © 2017 | Испания, футбол, клубтарының, Англия, бойынша, Владимир, Никитенко, қорытындысы, рейтинг, келеді, Жаңарған, командасы, орынға, «Бавария», «Барселона», Европа, Португалия, Еншісінде, «Ақтөбе», сатыда




  • »

УЕФА клубтардың жаңа рейтингін жариялады

УЕФА клубтардың жаңа рейтингін жариялады казакша УЕФА клубтардың жаңа рейтингін жариялады на казахском языке

Европа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) футбол клубтарының жаңа рейтингін жариялады. Ертең басталатын ел премьер-лигасындағы командаларымыздың рейтингтегі нәтижелерімен таныс бола отырыңыздар.

Еліміздің УЕФА рейтингіндегі командалар арасында «Ақтөбе» алда келеді. Жаңарған рейтинг қорытындысы бойынша Владимир Никитенко командасы 196-шы сатыда тұр. Еншісінде 8.150 ұпай бар. «Кеншілер» ұжымы 5.400 ұпаймен 246-шы орынға жайғасқан. Ал Қостанайдың «Тобылы» 329-шы орыннан көрініп отыр. Яғни, соңғы рейтингтен ел клубтары нәтижелерінде ешқандай өзгерістер орын алмаған. Павлодарлық «Ертіс» 349-шы, шымкенттік «Ордабасы» 389-шы, «Атырау» 390-шы, «Астана» 403-ші, «Жетісу» 404-ші, «Оқжетпес» 405-ші орындарға жайғасқан.

Жаңа рейтингте Еуропа Лигасында қарағандылық «Шахтермен» бір топта бақ сынаған «АЗ Алкмаар» командасының нәтижесі жақсарыпты. Кеше ресейлік «Анжиді» жеңген ұжым 38-ші орынға көтеріліпті. Сонымен қатар, туриндік «Ювентус», «Базель», «Бетис» және «Зальцбург» клубтарының ұпайлары жоғарылаған. Ал көш басын каталондық «Барселона» бастап тұр. Екінші орында мюнхендік «Бавария» болса, үштікті «корольдік клуб» қорытындылап тұр.

Алғашқы ондықтағы клубтар тізімі:

1. «Барселона» (Испания)
2. «Бавария» (Германия)
3. «Реал» (Испания)
4. «Челси» (Англия)
5. «Манчестер Юнайтед» (Англия)
6. «Бенфика» (Португалия)
7. «Арсенал» (Англия)
8. «Атлетико» (Испания)
9. «Валенсия» (Испания)
10. «Порту» (Португалия)


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 583
Жаңалық айдары: Спорт, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .