Жылдың үздік ұрлығы: Қарағандыда Фаберже жұмыртқасы мен 1 млн доллар ұрлап кеткен

Жылдың үздік ұрлығы: Қарағандыда Фаберже жұмыртқасы мен 1 млн доллар ұрлап кеткен

"Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегерінің үйінен ұрылар жалпы сомасы бір миллион доллар бағалы бұйымдар мен ақша тонаған, алайда пайдасына жаратып үлгермеген: сот оларды ұзақ жылға соттады

АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Қарағандыда жылдың басында Фаберже жұмыртқасын, мемлекеттік ордендерді, сондай-ақ жалпы құны 23 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдар тоналған делінген сот үкімінде. Іс Қарағнды қаласы Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Үш жас жігіт – 25 жасар Баян Смаилов, 28 жасар Дәурен Бекеев және 22 жасар Ардақ Әбдіраш сот алдына келді. Бұдан бұрын үшеуі де әр түрлі қылмыстар бойынша сотталған екен.

Қылмыскерлер Күнгей шағын ауданында орналасқан үйлердің біріне еніп, сейфтен 1,1 миллион доллар, "Құрмет" және "Парасат" ордендерін, сондай-ақ құны 23 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдар тонап кеткен. Ұрылардың қанжығасына құны 2,5 миллион теңгеден асатын Фаберже жұмыртқасы да байланыпты.

Сотталушылар кінәсін мойындап, қатты өкінетіндіктерін білдірді. Сот отырысында жәбірленуші Жүнісов сот алды тергеу барысында қылмыскерлердің ата-аналары мен қорғаушылардың өтініш білдіргендігін айтты. Олар келтірілген зиянды толықтай өтеу туралы мәселені талқылаған екен. Сот шешіміне сәйкес, ұрланған сома үш бөлікке бөлініп, әр айыпты жеке-жеке төлейтін болады. Ал, алтын бұйымдардың құнын Бекеев өтейтін болады, өйткені, ұрланған бағалы заттар соның қолында болған екен. Сот Смаиловты "Ұрлық" бабы бойынша айыпты деп танып, жеті жылға соттады. Ал, Бекеев пен Әбдіраш ұрлық және қару ұрлағандары үшін тоғыз және он жылға бас бостандықтарынан айырылды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі