Алматының Халыққа қызмет көрсету орталығында қайтыс болған ер адамның аты-жөні белгілі болды

Алматының Халыққа қызмет көрсету орталығында қайтыс болған ер адамның аты-жөні белгілі болды казакша Алматының Халыққа қызмет көрсету орталығында қайтыс болған ер адамның аты-жөні белгілі болды на казахском языке

«Азаматтарға арналған үкімет» Алматыдағы Алатау аудандық ХҚКО-да орын алған кісі өліміне қатысты жауап берді деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Қайтыс болған азаматтың есімі - Құнтақов Жарас Нүркебайұлы. 1964 жылы туған.

Мекеменің хабарлауынша, Жарас Нүркебайұлы таңғы сағат 09:30-да ХҚКО-на жұбайымен бірге "Тұрғылықты жері бойынша тіркеуге" тұруға келген. Сол уақытта орталықта адам көп болмаған.

Олар электронды кезекке талон алып үлгермеген, жұбайы бланк толтырып тұрған. 09:42-де азамат өзін нашар сезіне бастаған. ХҚКО-дағы кезекші медициналық қызметкер оған күттірместен көмек көрсеткен.

09:52-де жедел жәрдем келіп жеткен, алайда Жарас Нүркебайұлын аман алып қалу мүмкін болмады.

"Азаматтық үкімет" мемлекеттік корпорациясы Жарас Нүркебайұлының туған-туыстарына көңіл айтады. Ал созылмалы аурумен ауыратын науқастарға күндізгі қарбалас кезінде ХҚКО-на келмеулеріне кеңес береді.

Еске сала кетсек, Алматының Халыққа қызмет көрсету орталығында ер адамның қаза болғанын оқиға куәгері хабарлаған болатын.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, Жарас, Азамат, мекеменің, хабарлайды, қызметіне, жасап, туған, Нүркебайұлы, берді, сілтеме, баспасөз, жауап, арналған, Алматыдағы, үкімет», Алатау, өліміне, қатысты, аудандық, алған, цон, ХҚКО, Жарас, Азамат, мекеменің, хабарлайды, қызметіне, жасап, туған, Нүркебайұлы, берді, сілтеме, баспасөз, жауап, арналған, Алматыдағы, үкімет», Алатау, өліміне, қатысты, аудандық, алған, цон, ХҚКО, Алматының Халыққа қызмет көрсету орталығында қайтыс болған ер адамның аты-жөні белгілі болды, Алматының Халыққа қызмет көрсету орталығында қайтыс болған ер адамның аты-жөні белгілі болды