Илон Маск болашаққа қалай дайындалу керектігі жайлы үш кеңес берді

Илон Маск болашаққа қалай дайындалу керектігі жайлы үш кеңес берді

Әлемге танымал кәсіпкер, инвестор әрі миллиардер Илон Маск өзінің жоспарлары туралы толығырақ айтып берді. Кәсіпкер әлем елдерінің үкіметтеріне қай мәселелерге назар аудару керектігін және басқа да мәселелер жайлы айтты. SpaceX пен Tesla-ның негізін қалаған Илон Масктың сұхбаты жақында орыс тіліне аударылып, YouTube хостингінде жарияланды. Ал сұхбаттың мәтінін Petrimazepa.com порталы жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Илон Маск билік өкілдерімен кездесе отырып, оларға болашаққа қалай дайындалу керектігі жайлы үш кеңес берді. "Бірінші кеңес - жасанды интеллектті дамытуға назар аудару. Себебі жасанды интеллектті ойластырушылар жұмыс барысында кейбір мәселелерді бақылауға алуды ұмытып жатады. Менің айтып отырғаным, қоғамдық қауіпсіздік. Үкіметтегілер жасанды интеллекттің тұрғындарға қауіпті болмауы үшін оны бақылау керек", - деп кеңес берді ол.

Ал екінші кеңес ретінде Илон Маск көлік мәселесін қарастыру қажеттігін айтты. "Электр көліктеріне 30-40 жылдан кейін толықтай көшуіміз мүмкін, одан ерте емес. Әрине, мұның салдарынан электр қуатына деген қажеттілік артады. Бүгінде әлемдік энергетикалық қажеттіліктер жайлы айтатын болсақ, олардың бірі отын, сосын - көлік және электр қуаты", - деді кәсіпкер.

Сондай-ақ, ол болашақта адамзаттың жаппай жұмыссыздыққа ұшырау қаупі бар екенін айтып өтті.

Және де үшінші кеңес ретінде Илон Маск командасына адамдарды қалай таңдайтыны жайлы айтып берді. "Біріншіден интуициялық сезіммен жұмыс істейтін сияқтымын. Мен ол адамнан өмірі жайлы толық айтып беруін сұраймын. Сондай-ақ, оның күрделі мәселелерді қалай шешкені жайлы сұраймын. Бұл өте маңызды", - деді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады