Қазақша қыздар есімдер мағынасы (Г,Ғ)

Қазақша қыздар есімдер мағынасы (Г,Ғ) казакша Қазақша қыздар есімдер мағынасы (Г,Ғ) на казахском языке

Гауһар - Гүлшаш

ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар.

ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден шыққан.

ГҮЛАЖАР - көркі гүлдей жайнаған қыз.

ГҮЛАЙ – қазақ есімі— гүлдей сұлу, айдай көркем қыз.

ГҮЛАЙЫМ - иран тілінен — гүлдей сүлу менін гүлім, айым.

ГҮЛБАНАТ - тәжік тілінен - қыздардың гүлі, сұлуы, әдемісі.

ГҮЛБАНУ - тәжік тілінен — гүл жайнаған қыз, сүйкімді бойжеткен.

ГҮЛБАРАШ - иран тілінен алынған гүлбара — сұлу, көркем, яғни гүлдей сұлу, әдемі, көркем. Түрі — Гүлбаршын.

ГҮЛБАХРАМ - араб тілінен — көктем гүлі. Еркелету түрі — Гүлпаш. Күлпаш.

ГҮЛБОЛСЫН - тәжік тілінен алынған гүл + қазақ сөзі болсын, яғни гүлдей жайнасын, гүл сияқты әдемі, көркем болсын деп қойылған есім.

ГҮЛҒАЙША - тәжік тілінен алынған гүл + ғайша — Айша, яғни гүл жайнаған Айша.

ГҮЛДАНА - тәжік тілінен — сұлу дана, данышпан, білгір. Түрі — Күлдана.

ГҮЛЖАМАЛ - араб тілінен алынған жамал — сұлулық, көркемдік. Яғни, гүлдей сұлу, нұрлы, әдемі. Түрлері - Гүлжан, Гүлжанат, Өзгеріскен түрі — Күлжанат.

ГҮЛЖӘМИЛА - иран және араб тілдерінен алынған жәмила - көркем, әдемі. Гүл сияқты көркем, ажары гүлдей.

ГҮЛЖЕҢІС - жеңістің гүлі. Ұлы Отан соғысының жеңісі күні туған қыз балаға осындай есім қойылған. Синонимі — Жеңісгүл.

ГҮЛЗАРИФА - иран тілінен алынған зариф — нәзік, жіңішке, яғни гүлдей нәзік, көркем, сұлу.

ГҮЛЗИПА - зипа иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, тамаша, өте керемет, яғни гүлдей көркем, сұлу қыз. Өзгеріскен түрі - Күлзипа.

ГҮЛМАРИЯ - иран тілінен алынған гүл + көне еврей тілінен Мария, яғни сұлу Мария.

ГҮЛМИРА - иран тілінен алынған гүл + орыс тілінен мир(а) - бейбітшілік, тыныштық яғни бейбітшілік, тыныштық гүлі. Синонимі — Бейбітгүл.

ГҮЛНАЗ - иран тілінен алынған ноз — еркелік, наздық, яғни гүлдей құлпырған, әдемі, әсем кыз. Түрі — Назгүл. Қысқарған түрі — Назым.

ГҮЛНАР - иран тілінен алынған гүл + нар, анар өсімдігінін гүлі, қызыл, қырмызы гүл.

ГҮЛНАФИСА - иран және араб тілдерінен алынған — гүлдей көркем, ажарлы, нұрлы.

ГҮЛНИСА - араб тілінен алынған ниса — әйел қауымы, қыздар, яғни қыз, әйел біткеннің сұлуы, әдемісі.

ГҮЛНҮР - иран және араб тілдерінен алынған нұр — жарық, сәуле. Гүлдей сұлу, көркем әдемі, гүлдей көркем.

ГҮЛСАНАТ - иран және араб тілдерінен алынған санат, санам - әдемі, сұлу, яғни гүлдей әдемі сұлу, көркем.

ГҮЛСАРА - иран және араб тілдерінен - гүлдердің ең таңдаулысы, әдемісі яғни таза гүл, асыл гүл. Өзгеріскен түрі — Күлсара.

ГҮЛСИПАТ - иран және араб тілдерінен - гүлдей әдемі, көркем, сұлу.

ГҮЛШАР - иран тілінен алынған шар + араб тілінен алынған шарх - шығыс, яғни Шығыс гүлі деп қойылған есім. Өзгеріскен түрі — Күлшар.

ГҮЛШАРА - иран тілінен алынған шара - бет, жүз, шырай, ең, түс, келбет, яғни сұлу келбетті, шырайлы. Өзгеріскен түрі — Күлшара.

ГҮЛШАРУАН - гүл + шаруан, шахрбану — қаланын сұлу бикеші.

ГҮЛШАТ - иран тілінен алынған - шаттық, қуаныш гүлі.

ГҮЛШАШ - (қараңыз: Сұлушаш).
Беттер:
<< 1 2 >>




KZ » Қазақша Есімдер мағынасы жинағы, қыз есімдері мағынасымен, қыз есімдері тізімі мағынасымен, мұсылманша қыз есімдері, ең әдемі қазақ қыздарының есімдері, қазақ қыздарының есімдері және мағынасы, самые красивые имена девушек на казахском, қыз есімдері мағынасымен, қыз есімдері тізімі мағынасымен, мұсылманша қыз есімдері, ең әдемі қазақ қыздарының есімдері, қазақ қыздарының есімдері және мағынасы, самые красивые имена девушек на казахском, Қазақша қыздар есімдер мағынасы (Г,Ғ), Қазақша қыздар есімдер мағынасы (Г,Ғ) қыз бала ұл есімдері мағынасымен имена на казахском языке для мальчиков қыз балаға ұл балаға есім таңдау қазіргі жаңа заманғы есімдер /қазақша есімдер мағынасы мен қазақша есімдер қыз балаға мағынасымен красивые имена девушек красивые имена мальчиков казахов современные имена

  • Анализ сайта www.zharar.com