Жазғытұры Абай Құнанбаев

 Жазғытұры Абай Құнанбаев

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық» Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: «Жазғытұры» Абай Құнанбаев
Сабақтың мақсаты:
1. Поэзия түріндегі шығармаларды жаттай білу қабілеттерін жетілдіреді.
2. Өлең мазмұнын түсініп, айтып бере білуге үйретеді.
3. Өлең сөздерін еске сақтап, мәнеріне келтіре жатқа айта білуге дағдыланады.
Білімділік мақсаты:
1. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысады.
2. Көктем мезгіліндегі табиғатта болатын құбылыстардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйренеді.
Дамытушылық мақсаты:
1. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, балалардың сөздік қорын молайтады.
2. Балалардың ойлауы, көре, сезіне, еске сақтау қабілеттерін дамытады.
Тәрбиелік мақсаты:
1. Поэзиялық шығармаларға деген сүйіспеншіліктеріне тәрбиелейді.
2. Жақсы мен жаман әдет қылықтарды ажырата білуге, өздігінен жетілуге талпынған адамгершілік сезімі, парызы бар өнегелі тұлғаны тәрбиелейді.
3. Балаларды табиғатты сүйе білуге тәрбиеленді.
Көрнекілігі: Абай суреті слайд арқылы көрсетілген көктем мезгіліндегі көріністер, кубизм, венн диаграммасы, топтастыру, табиғат құбылысын бейнелейтін жұмбақтар, Абайдың табиғатқа байланысты шығарған өлеңі,
Қолданатын әдіс - тәсілі: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, слайдтармен жұмыс, шығармашылық жұмыстар, мәнерлеп жатқа оқып беру, жаттау, бой сергіту, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері, айналаны қоршаған орта, тіл дамыту, ән - музыка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн қымбатты балалар! Бүгін мен сендерді жақсы көңіл күймен қарсы алғым келіәп тұр. Өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып, бір – бірімізге жақсы сөздер мен игілікті сөздер айтайық:
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық күн!
Армысың, абзал Адам!
Армысың, менің досым!

І. Қызығушылығын ояту
Кім тапқыр?
Балалар мен сендерге бір жұмбақ айтайын ойланып көріңдерші:
Қар, мұз, еріп,
Су көбейіп,
Сай – салаға ағады,
Бүршік шашып
Жапырақ ашып,
Жер гүл, шашақ тағады.
Қой маңырап,
Төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім!
Айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: Көктем мезгілінде болады.
Көктем айларын кімдер атайды? Наурыз, сәуір, мамыр.

ІІ. Мағынаны ашу
Ойлан тап
Олай болатын болса, бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.
1) Абай Құнанбаев Семей облысы қазіргі (Шығыс Қазақстан облысы) Шыңғыс - тау бөктеріндегі Қасқабұлақ деген жерде 1845 жылы тамыздың оныншы жұлдызында дүниеге келген. 1904 жылы өмірден өткен
2) Абай Құнанбаевтың әкесі Құнанбай би сұлтан болып ел басқарған адам, ал анасы Ұлжан өте ақылды, мейірімді болған. Абай әжесі Зеренің тәрбиесінде болған екен. Әжесі Ибраһимді еркелетіп, «Абай» деп атаған. Әжесі қазақтың ертегі, аңыз жырларын көп білген. Абайға кішкене кезінен әңгімелерді қызықтыра айтып, оның санасына құя білген. Абай 12 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Өз өлеңдеріне 20 - дан астам ән шығарған үлкен сазгер. Абай үлкен аудармашы орыстың ұлы ақындары Лермонтов, Пушкин, Крылов өлеңдерін қазақшаға аударған. Қысқа болғанмен мағынасы терең 45 қара сөзі бар. Абайдың өлеңдерімен қара сөздерін бастауыш сыныпқа барғанда немесе жоғарғы сыныптарда қазақ әдебиеті сабақтарынан оқисыңдар.
2) Бүгін Абай Ибраһим Құнанбаевтың табиғатқа байланысты шығарған «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз. Мұғалім балаларға Жазғытұры өлеңін мәнерлеп жатқа оқып береді: .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?