Көрші

 Көрші

Көрші хақысы - Тәңір ақысы.

Көрші қолайлы болса, қора кең.

Көрші де көршіден тәлім алады.

Ақылды көрші - төрің,
Ақымақ корші - көрің.

Жақсы көрші - саяң,
Жаман көрші - шаян.

Қожамен көрші болдым:
«Бер!», «Бер!» деді.
Шебермен көрші болдым:
«Көр!», «Көр!» деді.

Ауласы бірдің ауасы бір.

Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.

Иесіне керек болса, көршісі өкпелемейді.

Жақсы көрші тапқаның - Мол олжаға батқаның.

Бір-бірімен көңілдері суыспай,
Қатар қонған екі көрші туыстай.

Сапарға шықпас бұрын серігіңді сайла,
Үй салмас бұрын көршіңді ойла.

Жақсы көрші болсаң, мақтар,
Жаман көрші болсаң, даттар.

Өзіңе өзің берік бол,
Қонысыңды ұры тұтпа.

Отты қузаған өшірер,
Көршіні қузаған көшірер.

Жаман көрші көңіліңді қалдырар,
Жақсы көрші жұлдызыңды жандырар.

Жаман көрші асыңды бағалар,
Жақсы көрші басыңды бағалар.

Жеті жыл жерлес болғанмен жесірлес боласың.

Жаңа енші алғанмен, үш жылға дейін көрші болма.

Отты түрте берсең, өшеді,
Көршіні түрте берсең, көшеді.

Қиямет күні қоңсыдан.

Қоңсы тату болса - құт,
Қоңсы қаңқу болса - жұт.

Көршің үшін намазыңды бұз.

Көршің шақырса,
Бір жеңіңді киіп, бір жеңіңді кимей бар.
Құдай күні қоңсыдан.
Көршің қорқақ болса, үркітіп өлтіреді.

Көршілестің тауығы қаз болып көрінеді.

Алыстағы ағайыннан,
Қасыңдағы көрші артық.

Айырылмас көршіңе ауыр сөз айтпа.

Жер сатып алмай тұрып суын сұра,
Үй сатып алмай тұрып көршісін сұра.

Туыс - атадан, көрші - Алладан.
Көрші қадірін не түйе,
Не диірмен қайырады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?