Қазақша Мақал - Мәтел: Жол, Жолдас, Жолаушы » ZHARAR © 2017 | Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Жол Жолдас Жолаушы туралы (о дороге путнике), Мақал-мәтелдер Жол Жолдас Жолаушы туралы , (Пословицы на казахском языке) (о дороге путнике), Қазақша Мақал - Мәтел: туралы Жол Жолдас Жолаушы, жолдас туралы мақалдар, мақал мәтелдер жолдас туралы




  • »

Қазақша Мақал - Мәтел: Жол, Жолдас, Жолаушы

Қазақша Мақал - Мәтел: Жол, Жолдас, Жолаушы казакша Қазақша Мақал - Мәтел: Жол, Жолдас, Жолаушы на казахском языке

Баламен жолдас болсаң,
Бала боларсың,
Қариямен жолдас болсаң,
Дана боларсың.

Жолың болмайын десе
Алдыңнан өр кездеседі.
Атың құлап,
Арылмас сор кездеседі.

Желді қуған жоғалар,
Жолды қуған оңалар.

Жақынға жаны ашымағанның
Бір беті қара,
Жолдасына жаны ашымағанның
Екі беті қара.

Жолдасын таппаған ер азады,
Қордасын таппаған жер азады.

Жолдасыжоқ жігіттің —
Олжасы жоқ.

Жолы болар жігіттің
Желі оңынан тұрады.

Жол жаман болса,
Атаң да сүрінеді,
Атан да сүрінеді.

Жалғыз жүрсең, жолмен жүр,
Жолдан жолдас қосылар.
Жолдан жолдас қосылса,
Жолың болмас несі бар?!

Алыс жүрсең де, жолмен жүр.

Әңгіме жол қысқартады.

Көзі соқырға жолдас болсаң да,
Көңілі соқырға жолдас болма.

Қасқыр ішік киген
Қасындағы жолдасының
Тоңғанын білмес.

Жолдасың жақсы болса
Жолым ұзын деме,
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзын деме.

Жортуылшының басы жолда қалады.

Жүрместен бұрын,
Жолыңды байқа,
Киместен бұрын,
Тоныңды байқа.

Жолаушының ақысы — жүрсе өнеді.

Жолаушыны сусындатпай тұрып,
Бұйымтайын сұрама.
Алыс сапар,
Алғашқы адымнан басталады.

Жол сұраған кісі адаспайды,
Жөн сұраған кісі жаңылыспайды.

Жолаушыны жол сынайды.

Жолдасың бұзық болса,
Сенің түзіктігің қайсы?

Жаман жолдастан,
Жақсы дұшпан артық.

Арбасының дөңгелегін майламаса,
Арбакештің шайы қайнамайды.

Асыққанның жолы
Алыстан кетеді.

Жолдасы көптің — олжасы көп.

Жолдасы көбейсе — жол кеңейеді.

Жолға шықсаң жолдасыңның
Жүгі болма, жұбы бол.

Жолдастының жолы кең.

Жолдасың темірші болса,
Өзің көмірші болғаның құп.

Арбалыға жорғалы
Жолдас болмас.

Жол жолға жалғасады,
Ел елге жалғасады.

Жолға шыққан жолаушы
Жол амалын сұрайды.
Артта қалған ауылда
Ел аманын сұрайды.

Жолда жүрген май ішер,
Үйде қалған қан ішер.

Жол азабы — көр азабы.

Жолаушының азығы жолында.

Барымта
Барымтаға қарымта.

Жақсы таяқ
Жаман жолдастан артық.

Жаяуға жол алыс.

Әңгіме жолды қысқартады,
Жоқшылық қолды қысқартады.

Жолдасың жаман болса,
Көңілің азар.
Жолдасың жақсы болса,
Күнде базар.

Аңшының кешіккенінен сүйін.
Жолаушының кешіккенінен күйін.

Барар жол ұзақ болса да,
Қайтар жол қысқа болар.

Жолдас,
Жолдассыз жолың болмас.

Жолдас,
Жолдасына жамандық қылған оңбас.

Жол мақсаты — жету.

Ауылдан шыққан күні
Байға қонба, сайға қон;
Бай пәле болады,
Сай пана болады.

Қажымалы мың жолдас,
Жаныңда жолдас жоқпен тең.
Жанын қиған бір жолдас
Қоралы-қосын көппен тең.

Туған көп,
Туысқандай болмас,
Тұрман көп,
Құйысқандай болмас,
Жолдас көп
Уағдада тұрысқандай болмас.

Барар жерің бар болса,
Барсаң, айран ішерсің
Барар жерің жоқ болса,
Кімге барып түсерсің?

Аяғы — ат, қолы — қамшы.
Жаман туыстан
Жақсы жолдас артық.

Үйінен қырық қадам
Ұзап шыққан адам мүсәпір.

Жол қадірін, жүрген біледі.

Асыққан жолаушы,
Атына теріс мінеді.

Тапқан қуанар,
Таныған алар.

Жоқіздеген
Жоғалғанды табады.

Бір күндік жолға шықсаң
Үш күндік жол азық ал.

Жолдасы көптің —
Жорғасы көп.

Аттыға еріп,
Жаяудың таңы айырылыпты

Аттылы, жаяу келеміз баяу.

Жол анасы — із,
Ер анасы — түз.

Аңшының ажалы аңынан.

Жол жүргінді
Жұртты жайға жеткізеді.

Жол азабы — көразабы.

Жол қуған қазынаға жолығады,
Сөз қуған бәлеге жолығады.

Жақсы жол
Ұзақ та болса — жақын.
Жаман жол
Жақын да болса — алыс.

Жол жүрсең,
Шабанға кіріптар қылмасын.
Жолдас болсаң,
Наданға кіріптар қылмасын.

Жол болмайды асусыз,
Той болмайды шашусыз.

Қолы кеңнің — жолы кең.

Жолдасты жол айырады.
Жолға шықпас бұрын,
Жолдасыңды сайла.
Үй салмас бұрын
Көршіңді ойла.

Жолы болар жігіттің
Жөнге басар бәр ісі.
Жолы болмас жігіттің
Ілік іздер әр ісі.

Жолы болар жігітке
Жолдан жолдас қосылар.

Жұлдызы жанған жігіттің
Жүрсе, жолы болады.
Жарқырап оты үміттің
Желі оңынан тұрады.

Жұмысқа жұғымы жоқтың
Жолдасқа жылымы жоқ.

Үйде атан, түзде бурамын.

Ата жолы— бала жолы.

Сара жолдың қадірін
Адасқанда білерсің.
Қарындастың қадірін
Қарасқанда білерсің.

Аяқ — арғымақ.
Қол — азамат.
Көз — жанат.
Сөз — қанат.

Ар, намысы бар жігіттің
Жолдасы бар жолында.
Ар, намысы жоқ жігіттің
Ұяты бар қолында.

Жасық жолдастан
Жыңғыл таяқ артық.

Сөз анасы — құлақ
Жол анасы — тұяқ.
Су анасы — бұлақ.
Көз анасы — шырақ.

Алысқа сілтейтін —
Асыл — мұрат.

Жаманмен жолдас болсаң,
Жаласына қаласың,
Наданмен жолдас болсаң,
Бәлесінеқаласың.

Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.

Әңгіме жолдан қалдырар,
Жолсыздық ұрыға алдырар.

Ұлы жол,
Үйіңнің табалдырығынан басталады.

Қабаған ит келер ырысты қайырар,
Қарау қатын жолдасыңнан айырар.
Жорға мінген,
Жортақы мінгенмен жолдас емес.


Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 8 479
Рейтинг:
(голосов: 36)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .