Ұры, ұрлық

Ұры, ұрлық

Ұры - қарының серігі.

Ұры - қасық, ел - теңіз.

Ұры - бір түнде бай, бір түнде кедей.

Ұрыға мал қүтаймас.

Ұрының қатыны өзіне лайық.


Қажетті сілтемелер:



Ұры өле-өлгенше ақпын дейді.

Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.

Ұры ұрлығын қойса да,
Ұры аты қалмайды.

Ұрының үйі көп,
Бірінен алады, біріне береді.

Ұры қосыларда ауыз жаласады,
Айырыларда итше таласады.

Ұрысы күшті болса, иесін сабайды.
Ұрыны қарақшы ұрлайды.

Ұры күндіз босқа ұйықтамайды.

Ұры тойғанша жеп, өлгенше қарғанады.

Ұрының ойында дар ағашы жүреді.

Ұры өз малын жейді.

Ұры басынып ұрлайды.

Ұры басқаның малын жейді,
Өзінің арын жейді.

Ұрлықтың соңы қоқыраулы.

Ұрлығыңа көнсем де, қорлығыңа көнбеймін.

Ұры малға байымайды,
Қомағай асқа жарымайды.

Абыройлы болар жігіттің
Алғашқы ұрлығы ашылар.

Атақты ұры аштан өледі,
Атақсыз ұры қарын толтырады.


Арам жесең, тойғаныңша же,
Ұрлық қылсаң, өлгенше қыл.

Сұқ семірмес, ұры байымас.

Мешкей семірмейді, ұры байымайды.

Атын алдырған ерін жоқтамайды,
Басын алдырған шашын жоқтамайды.

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
Білген кісі ұрыны пақыр дейді,

Білмеген кісі ұрыны батыр дейді.

Ашыққан ұры - ашынған долы.

Бара жатқанның балтасын,
Келе жатқанның кетпенін қоймаған.

Алдырар күні жаздырар.

Жең ұшынан жалғасқан.

Кебіс ұрлаған - бір кісі,
Күмәнді болар мың кісі.

Бір еткенді екі етесің,
Екі еткенді үш етесің,
Үш еткенді әдет етпей, не етесің?

Бұзау ұрлаған өгізді де ұрлайды.

Түйе ұрлаған да ұры,
Түйме ұрлаған да ұры.

Бұйдалы түйені ұрлау үшін,
Әуелі сабақты жіп ұрлап көр.

Біреудің жоғын біреу,
Өлең айтып жүріп іздейді.

Елді жерде ұры бар,
Таулы жерде бөрі бар.

Өзі ұры біреуді ұры дейді,
Өзі қара біреуді қара дейді.

Ұрлықпен келген ет ұзақ қайнайды.

Жазалы ұрының бір беті қара,
Жазалы айғақтың екі беті қара.

Жортуылшының басы жолда қалады.

Адам тілінен жазады, ұры - ізінен.

Ұрыға мал көп.

Жортуылшы жолдасынан көреді, ұры - серігінен.


Ұсталмаған ұры емес.

Тентек қашса, биі бар,
Ұры қашса, үйі бар.

Алушыны аңдушы жеңер.

Аңғырт бөрі қой үркітеді,
Аңғал ұры қолға түседі.

Ауыл үйдің моншағын күндіз ұрлап, түнде тақ.

Қасқыр мен ұры - мінездес,
Екеуі де түнді аңдиды.
Бұлбұл мен гүл - мінездес,
Екеуі де күнді аңдиды.

Бармақ басты, көз қысты,
Айтып істеген ұрлықтың айыбы жоқ.

Ұрысы күшті болса, иесі өлер,
Айғыры күшті болса, биесі өлер.

Ұрлаған - бір кісі,
Ұрлатушы - мың кісі.

Ұрының өзіне сай сырығы бар.

Құмсыз шөл, ұрысыз ел болмайды.

Ұрыға құрық берген.

Аттанып барып жылқы алған,
Ат үстінде ұйқы алған.

Ұрыдан жалмауыз туады,
Жалмауыздан қанды ауыз туады.

Ет тәттілігін қойса,
Мен ұрлығымды қояр едім.

Ұрының арты қуыс.

Ұрылық - жұқпалы дерт.

Ұры бүлікке құмар,
Шыбын шірікке құмар.

Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаларсың,
Бөрімен жақын болсаң, қораға шабарсың.

Ұрлық қылсаң, жалғыз қыл,
Екеу болса, бірі - айғақ.

Ұры жете алмайтын жаудікін алады,
Соңынан қуа алмайтын жаяудікін алады.

Жаман ұры жақындағысын қармайды.

Ақылды ұры өз ауылын тонамас.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!