👈 қаріп өлшемі 👉

Үй, баспана

 Үй, баспана

Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.

Түздегі май ішеді,
Үйдегі зәр ішеді.

Түтін шыққан үй жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.

Үй баласымен базарлы,
қонағымен ажарлы.

Үй болған соң: белбау да керек, желбау да керек.

Үй болған соң шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды.

Үйге келгенде үйдей өкпенді айтпа.

Үйге кірген жыланды да басына ақ құйып шығарады.

Үйге ұт кірді —егіншінің көкейіне құт кірді.

"Үйде — атан, түзде — бурамын".

Үйде бір күн ұрыс болса, қырық күндік ырыс кетеді.

Үйдегі есепті базардағы нарық бұзар.

Үйдегі нарық көшеге тура келмейді.

Үйде кісісі көп болса, далада кісі тимейді.

Үйден ұзап шыкпасаң қатынға қадірің болмайды.
Ауылдан ұзап шықпасаң жақынға қадірің болмайды.

Үйде оңбаған түзде де оңбайды.

Үйде өскен бұзау түзде өгіз болмайды.

Үйде шешен ,дауға жоқ,
Үйде батыр, жауға жоқ.

Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады.

Үйдің басын қатын қосар,
Елдің басын батыр қосар.

Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,
Ағайынның алыс-жақынын іс түскенде білерсің.

Үйдің көркі — сандық.

Үй иесі мейірлі отырса, қонақ көңілді отырады.

"Үйлері қоңыр екен" деп
көп ауылдан кетпеңіз.

"Үй менікі" демеңіз үй артында кісі бар.

Үй ортасына шала тастама,
Сөз ортасына жала тастама.

Үй үйге сыймағанмен, ел елге сияды.

"Үйі әппақ екен" деп оңаша үйге түспеңіз.

Үйі бірдің күйі бір.

Үйі жоқтың көңілінде алтын сарай жүреді.

Үйі жыртық тамшы жейді,
Жалқау тантық қамшы жейді.

Үйіңде асы жоқтың көңілінің хошы жоқ.
Үйіңде асы жоқтың түзде досы жок,

Үйінде озған түбінде озар.

Үйінде ұл-қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар.

Үйінен қырық қадам шыққан адам — мүсәпір.

Үйінде екі сиырың болса — айран,
екі қатының болса — ойран.

Үйінде қартың болса — асыл қазынаң.

Үйіңе қонақ келсін,
алыстан сұрап келсін.

Үйің жаман болса, күйің жаман.

Үйің үй-ақ екен,
ішінде ойнайтын баласы болса.

Үй ішінен жау шықса,
тұра қашып құтыла алмассың.

Үй іші толған жан — бір-біріне мейман.

Үлкен үйге не керек, кіші үйге де сол керек.

Үлкен үйдегі күлсе,
кіші үйдегі езу тартады.

Үлкен үй ортақ,
Кішкене үй бұлтақ.

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Әнші Роза Әлқожа қызына су жаңа көлік сыйлады (видео) 16.09.2022
» Қазақстанда еңбекке қабілетті 9 млн адам тегін курстардан өте алады 16.09.2022
» 2023 жылдан бастап жұмыстан шығып қалғандарға төленетін жәрдемақы өседі 08.09.2022

Пікір жазу

Пікірлер 2

  1. DIYAR2013
    DIYAR2013 04.12.2020 22:33
    0 + 1 -
    Мықты мақалдар
    1. Жасмин Қарсыбай
      0 + 0 -
      Әрине көзге жас аламыз ,өзі қандай мақал–мәтел.


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы