Қазақша мақал - мәтел: Азамат » ZHARAR © 2017 | азамат ер туралы макал-мателдер казакша, азамат ер туралы мақал-мәтелдер, пословицы на казахском языке о мужестве, ер азамат туралы мақал мәтелдер, ер азамат туралы макал мателдер казакша




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Азамат

Қазақша мақал - мәтел: Азамат казакша Қазақша мақал - мәтел: Азамат на казахском языке

Ер-азамат белгісі:
түзде - мырза, үйде - құл.

Арғымақ аттың құйрығы -
әрі жібек, әрі қыл.
Ер жігіттің белгісі -
әрі мырза, әрі құл.

Ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын.

Тура ағаш - үйге тіреу,
Тура жігіт - елге тіреу.

Арыстанды арыстандай жігіт алар.

Ер жігітке серуен де серуен,
Сергелдең де серуен.

Жігіт - әулет жалғасы,
Қыз - қырық жеті.

Кемер белбеу - бел сәні,
Кемел жігіт — ел сәні.

Текті жігіт тек жүрер,
Текелес киік жай жүрер.

От түтінсіз болмас, жігіт мінсіз болмас.

Жігіттің жігіті - өз нәпсісіне ие болған.

Бір жігіттің дәулетіне қырық жігіт мас болады.

Ер жігіт үйден шықса, үйіріне қосылады.

Жігітке ерлік те оңай, билік те оңай.

Ер жігіт үш ақ үй, үш қара үй тігеді.

Тебісіп жатсаң да, теңің болсын.

Биік таудың басы болмасақ та,
Бауырындағы тасымыз.

Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре.

Есебін тапқан жігітке,
Ердің құны сөз емес.

Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды.

Жақсы туған жігітке,
Бүкіл ел таласар.

Жаман туған жігіттер,
Қара жолдан адасар.

Би болар жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.

Мерген болар жігіттің
Жебеде болар жұмысы.

Жастық шақ - ақ алмас,
Жоғалтқан таба алмас.

Жамандықпен ісі жоқ,
Шығады бір күн кісі боп.

Өзі болған жігіттің,
Түп атасын сұраған ит.

Көкорай шалғын тұрғанда
Қу тақырға қонған ит.

Қыз алмаған жігіттің,
Қырық қызда дәмесі.

Жігіттің ауыры - шомбал,
Ағаштың ауыры - сомбал.

Пышақ болмас жетесіз,
Өзі болған жігіттің
Тегін сұрап не етесіз?

Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.

Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.

Жігіт - табысына мырза.

Жігітті жігерінен таны.

Жігіт көзімен қыз таңда.

Кемел жігіт кешірімді.

Жігітсінген желбуаз келеді.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 418
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .