Педагогика | Қазақ балабақшаларындағы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру

 Педагогика | Қазақ балабақшаларындағы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру

Мазмұны
Кіріспе
I тарау. Эстетика тәрбие жүйесіндегі көркем талғамды қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізі.
1.1. Балаларға көркемдік білім мен тәрбие берудің педагогикалық негізі.
1.2.Өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мазмұны.
1.3. Сәндік-қолданбалы өнер көркемдік білім мен тәрбие құралы
II тарау. Баланың көркемдік талғамын сәндік-қолданбалы өнер негізінде қалыптастыру.
2.1. Балалардың ұлттық өнерге баулуды ұйымдастырудың әдістемесі.
2.2. Сәндік-қолданбалы өнер тәлім-тәрбие беру үрдесінде қолдану.
2.3. Баланың көркемдік талғамын қалыптастырудың жолдары.
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Білім беру, тәрбиелеу жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіліп жатқан қазіргі кезең де мектеп жасына дейінгі мекемелер, ісіне жақсарту, баланың жеке басын дамыту, оны ізгілікке баулып, шығармашылық ойын жинақтай білуді, көркемөнерге қызығушылығын арттыруды талап етуде. Жас ұрпаққа тәрбие ісін жаңа сапалық деңгейге көтеріп, мазмұнын жақсарту жолында педагогтардың парыз бен қарызға беріктігін, адамгершілік пиғылы мен көркемдік талғамын, іскерлігі мен шығармашылық қабілетін дамыту, өз ісіне құштарлығын арттыру міндеті бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Республикамыздың Ата Заңында, жаңадан қабылданған Тіл туралы Заңында қоғамның халыққа білім беру және ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, жас ұрпақтың жеке тұлға етіп қалыптастыруға ерекше көңіл аударылуды.
Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәдени дамудың тұжырымдамасына «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз – ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогрешіл халық, дәстүрлері, мен әдет ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғалымдарға, өнерге, халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау» - деп көрсетілген.
Қазақсан Республикасының Білім министірлігі Қазақ мектебі мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасын /1990 ж./ республика педагогтеріне басшылыққа алатын құжат етіп ұсынды. Бұл бағдарлама балабақшалардан бастап қазақ мектептерінде кеңінен өріс алған келеңсіз құбылыстарды жоя отырып, имандылық – эстетикалық тәлім-тәрбие беру жүйесін, ұлттық ерекшеліктерді, баланың рухани дамуын, өсіп-жетілуін ортасындағы ахуалды ескере отырып, қайта қарауға, отбасы мен аталған мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, эстетикалық сезімталдық қасиеттерді қалыптастыруға бағышталды. Балабақшадағы эстетикалық тәлім-тәрбие жүйесінде, баланың қоршаған ортадағы әсемдік, сұлулықты қабылдауын, көркемдік талғамын, ақыл ойын дамытып, өнер әлемі жайындағы түсініктерін жетілдіріп, сурет салуға, музыкаға, сөз сырына үңілуге, тақпақ оқып, ертегі айтуға, табиғи ортаға деген көзқарасын қалыптастыру қарастырылды.
Мектепке дейінгі балалар мекмелерінде эстетикалық тәрбие беру мәселесінің жай-жапсарын зерттеу барысында әсемдікке әуестік сезімін жетілдіріп, эстетикалық тәрбие беруді дұрыс жолға қою үшін бұл мәселені оның сәбилік шағынан бастау қажет екені анықталды. Ол үшін ата-ана мен тәрбиеші маман бала бойындағы талғампаздық пен эстетикалық алғашқы көріністерді аңғара білгені жөн.
Мұны одан әрі дамытып, жетілдірудің тиімді тәсілдерін белгілеу, ұлттық өнерпаз бен бай мұраларды бала тәрбие үрдесінде қолданудың жолдарын анықтау қажеттілігі айқындалады.
Әр халықтық көркемдік мәдениеті өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастыруда туған халқының ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын ұғындыру бастауыш сынып оқушыларының ой-қиялын шарықтатуға, әсемдікті түйісіне білуде психологиялық аспектілерін Л.С.Выготский, В.Г.Ананьев, Е.И.Игнатев, А.Н.Леонтьев, В.М.Теплов, П.М.Якобсон, А.В.Запорожец, В.С.Мухина, Люблинскаяның зерттеу еңбектерінде қарастырылды. Республика көлемінде психологиялық мәселелерді зерттеуде С.Балаубаев, Т.Тәжібаев, Темірбеков, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Ә.Ж.Алдамұратов, Х.Т.Шерьязданова, Ғ.Р.Рахиметов, К.Нұрахұнова т.б. еңбектері жарық көрген.
Ұлт мәдениетінің маңызды және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигізер әсері туралы ой пікірлердің қалыптастыруына Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев сынды халқымыздың ойшылдары, ағартушылары мен өнер қайраткерлерінің қосқан үлесі зор болды.
Өткенің тәжірибесін бүгін мен жалғастыра озық өнегелі рухани дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үрдесі жұріп отырады. Бұл үрдіссіз қоғамның өркениеті елдер деңгейіне жетуі мүмкін емес.
Бүгінгі күннің кезек күтірмейтін көкейкесті мәселелерінің бірі ретінде баланың өнердегі ұлттық айшықты, ерекшелікті сезіне білуге баулып, Һас шеберлердің қолынан шыққан ағаштың, темірден, матадан, теріден, жүннен, сүйектен жасалған бұйымдар арқылы халық өмірінің сипаттын білуін, ақылмен ойластырылған еңбектің нәтижесін көріп, қоршаған дүниеге үңіле қарауын, ой қиялын дамытып, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын, көркемдік талғамын қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Демек, баланың көркемдік талғамын бейнелеу іс-әрекеті негізінде қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіні ақиқат.
Зерттеу объектісі. Қазақ балабақшаларындағы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру үрдісі.
Зерттеу пәні: Ұлттық сәндік қолданбалы өнер негізінде ересектер тобындағы балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: Ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің тәлім-тәрбиелік өсерін балабақшаның ересектер тобындағы балалардың көркемдік талғамын қалыптастыруда пайдаланудың әдістемелік жолдарын анықтау. Тәжірибелік мәселелерін талдау.
Зерттеу нысанасы: Сәндік баланың көркемдік талғамын қолданбалы өнер негізінде қалыптастыру мәселесін балабақшадағы тәрбие үрдісінде жүзеге асыру.
Зерттеу пәні: Ересектер тобындағы балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру.
Зерттеу болжамы:Егер баланың көркемдік талғамын сәндік-қолданбалы өнер негізінде қалыптастыру мүмкін болса, онда балабақшадағы тәлім-тәрбие барысында оның тұтастай жүйесін жасауға болады. Өйткені ұлттық бай мұрамызды игеру, оны тәрбие білім беруде арнайы сабақтар мен дербес көркем өнер іс-әрекетті барысында пайдалану баланың білімі мен іскерлік дағдысын меңгеруіне ықпалын тигізіп, тәрбие жұмысын кешенді жүргізудің, мазмұнын жаңартудың қайнар бұлағына айналуға тиіс.
Зерттеу міндеттері: 1. Баланың көркемдік талғамын сәндік-қолданбалы өнернегізінде қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау. 2. Балабақшадағы тәлім-тәрбие үрдесінде сәндік-қолданбалы өнер туындыларын қолданудың тиімді жолдарын қарастыру. 3. Баланың көркемдік талғамын қалыптастыру әдіс-тәсілдерін белгілеу.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізгі тәлім-тәрбие үрдісінде зерттелетін мәселеге байланысты ғылыми әдістемелік еңбектерге талдау жасап, көркемдік білім мен эстетикалық тәрбиенің тұжырымдамасы, жас ұрпақты жан-жақты жетілдіру, оларды ізгілікке, имандылыққа, көркемдік талғампаздыққа, еңбек етуге тәрбиелеу жөніндегі қаулы қараларды пайдалану. Баланың жеке басын қалыптастыру оның психологиялық даму ерекшелігін мәселелерін сөз ететін еңбектерді басшылыққа алу қазақ халқының көркем бейнелеу өнеріндегі шығармашылық мұраларды пайдалану.
Жетекші идея-тәлім-тәрбие мазмұны мазмұны жаңарту, көркемдік талғамды қалыптастырудың тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін анықтау балабақша тәрбиешілерінің теориялық және тәжірибелік сапасын арттыру.
Зерттеу жүргізілетін тірек орындары Тараз №100 балабақша, Тараз қаласы №94 балабақша экспериментте 55 бала. Тәрбиешілер саны.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. 1.Баланың көркемдік талғамын қалыптастырудың педагогикалық негіздері. 2.Көркемдік талғамды қалыптастырудың құрылымы және сәндік қолданбалы өнер аясындағы мазмұны. 3.Балабақшадағы тәлім-тәрбие үрдісінде көркемдік талғамды қалыптастырудың әдістемесін айқындайтын мүмкіндіктер.
Зерттеудің көкейкестілігі. Егеменді бірге келген қоғамдағы саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер, еліміздегі ғылымның, өнердің, мәдениеттің дамуын жүзеге асыратын, халыққа білім мен тәрбие беру жүйесін қоғамдық, мұраттарға сәйкес, жаңа мазмұнда қайта құруды талап етеді.
Ұлт мәдениеті мен өнері және оның жеке тұлғаның рухани дамуына әсері туралы ой-пікірлердің қалыптасуына Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, М.Әуезов т.б. сынды халқымыздың ойшыл ағартушылары мен өнер қайраткерлерінің қосқан үлесі мол.
Жас жеткіншектерге ұлттық өнердің қыры мен сырын игерте отырып, олардың эстетикалық сезімталдығын, ой-қиялын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін шыңдау, балалардың өзі өмір сүруін ортасына сұлулық әкелуге деген құштарлығын, туған халқымның көркем-мәдени мұраларына, эстетикалық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік қатынастарын тәрбиелеуге зор мүмкіндік туғызады.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін жалпы білім беретін мектептің оқу тәрбие жүйесінде пайдаланудың педагогикалық мәселелері, республика ғалымдары: М.Балтабаев, С.Ұзақбаев, К.Ералин, Е.Асылханов, К.Өмірғазин, Б.Әлмұханбетов, М.Балкенов, К.Болатбеков, Ұ.Ибрагимов, Ә.Қамақов, О.Сатқанова, Ш.Әбдуалиева т.б. еңбектерінде зерттелген.
Сәндік-қолданбалы өнерді мектеп оқушыларының көркемдік білімі мен эстетикалық тәрбиесінде пайдалану мәселелері, бұрынғы одақ көлемінде: Н.П.Сакулина, А.П.Усова, Е.А.Флерина, Э.Г.Богатева, Е.И.Васильева, Л.Н.Любарская, Ю.В.Максимов т.б. сияқты педагогтардің ғылыми-зерттеу еңбектерінде қарастырылды.
Дегенменде, қазақ балабақшаларында бейнелеу және ұлттық сәндік-қолданбалы өнер арқылы көркемдік білім, дағды, қабілеттілік, эстетикалық тәрбие жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру негізінен орыс авторлары /Н.П.Сакулина, Т.С.Комарова, В.В.Косминская, Н.А.Ветлугина, И.В.Васильева т.б./ дайындаған, балалардың ұлттық, психологиялық ерекшеліктерін, жергілікті жердің өнері мен мәдени жетістіктерін, өнердегі көркем дәстүрлерін толық қамти алмайтын оқу бағдарламалары мен оқулықтары негізінде жүргізіледі.
Бастауыш сыныпта бейнелеу және ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге баулу жұмыстары негізінен, бейнелей білу дағдыларын қалыптастыруға, ал олардың өмір шындығы мен өнер туындыларындағы сұлулықты қабылдау әрекеттерін баланың әсемдікті сезіну, эмоциялық әсерлену, танымдық мәнде пайымдай және бағалай білу қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған көркемдік білім мен тәрбие жүйесін жаңарту мәселесі бүгінге дейін психологиялық аясында қарастырылмай келді. Осы көкейкесті мәселені ескере отырып, біз, ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын “Оқушылардың көркемдік талғамын бейнелеу іс-әрекеті негізінде қалыптастыру” деп белгіледік.
Зерттеудің нысанасы – бастауыш сынып оқушыларында көркемдік білім мен талғам беру үрдісі.
Зерттеудің пәні – бейнелеу іс-әрекеті негізінде бастауыш сыныпта оқушыларды көркемдік талғамын қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты – бейнелеу іс-әрекеті негізінде балалардың көркемдік талғамын қалыптастыруды теориялық және әдістемелік жағынан негіздеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы – бейнелеу іс-әрекеті табиғаты, өзіне тән жасалу жолдарын, адам өміріндегі атқаратын қызыметімен, бейнелеу өнерінің басқа түрлерінен ерекшеленеді. Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларының , танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес, әрі бейнелеу іс-әрекеті өнер туындыларын қабылдаудың, оның мәнерлілік құралдарын меңгертудің өзгеше оқу-тәрбие жүйесі жасалғанда ғана көркемдік талғамның қалыптасуы нәтижелі болады.
Зерттеудің міндеттері: - бейнелеу ісәрекеті арқылы балаларға көркемдік білім мен талғам берудің ғылымипсихологиялық негіздерін анықтау.
- ұлттық бейнелеу өнер арқылы балалардың көркемдік талғамын қалыптастырудың мүмкіндіктерін айқындау.
- Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде баланың көркемдік талғамын қалыптастырудың ғылыми-әдістемесін жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы – бастауыш сынып оқушыларының дәстүрлі көркем құндылықты қабылдау арқылы қоршаған орта мен өнердегі сұлулық жарасымдылығы туралы алғашқы сезімдік, танымдық түсініктерін көркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру.
Зерттеудің әдіснамалық негізі – жеке тұлғаның қоршаған өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастырудағы бейнелеу өнердің, шығармашылық іс-әрекеттің маңызы туралы философиялық, эстетикалық ілім негіздері; психологияның және теориясының қоғамдық мұраттарға байланысты даму заңдылықтары; жас ұрпаққа имандылық-эстетикалық тәрбие беру ісін жандандыруға бағытталған мемлекеттік ресми құжаттар, әдістемелік нұсқаулар, тұжырымдар.
Зерттеудің әдістері – зерттеу тақырыбының мазмұнына сәйкес философиялық, эстетикалық, өнертанымдық әдебиеттерді, психологиялық, және ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектерді талдау:
- көркемдік білім мен талғам саласындағы тәжірибелерді, оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды, рәсми және психологиялық құжаттарды зерттеу мәселелері тұрғысында талдап қорыту;
- зерттеу мәселелерінің бүгінгі жағдайын анықтау мақсатымен тірек бастауыш сынып мұғалімдерімен семинар-кеңесте, әдістемелік сұхбат, сауалнама, қорытынды тексерулер жұргізу;
- бастауыш сынып оқушыларымен тікелей педагогикалық іс-тәжірибе өткізу, оқушылардың көркем бейнелеу іс-әрекеттері, өнер туындыларын қабылдау сабақтары барысында сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу, ойындар ұйымдастыру;
- оқушылардың көркемдік талғамының дамуына ықпал ететін өнерді қабылдау, сұлулық туралы түсініктердің және өз ойын пайымдау қабілеттерінің қалыптасу ерекшеліктерін бақылау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: бастауыш сынып оқушыларының көркемдік талғамын бейнелеу іс-тәжірибе өнері арқылы қалыптастыру мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан негізделеді.
- бастауыш сынып оқушыларының дербес өзгешеліктеріне, оқу-тәрбие сипатына қарай, дәстүрлі бейнелеу өнер туындыларының негізінде эстетикалық қабылдау, сезіну, әсерлену, пайымдау, бағалау сияқты көркемдік талғамның компененттері тұңғыш рет зерттеліп, психологиялық тұрғыда талданды;
- ұлттық өнер бойынша арнайы тәжірибелік сабақтар барысында, бастауыш сынып оқушыларының көркемдік талғамының қлыптасу деңгейін бақылаудың психологиялық әдістері жасалды;
Зерттеудің пактикалық мәнділігі. Зерттеудің қортындылары негізінде, оқушылардың көркемдік талғам өрісін тұрақты деңгейде қалыптастырудың психологиялық нұсқаулары дайындалды.
- зерттеудің қортындылары негізінде үлгі сабақ жоспарлары мен дидактикалық материалдарды, мұғалімдердің оқу-тәрбие жұмыстарында, педагогикалық колледж және жоғары оқу орындары педагогтарына болашақ мектеп оқытушыларын дайындауда басшылыққа алатын құрал ретінде ұсынамыз.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
1. Көркемдік білім мен көркемдік талғамды қалыптастырудың мәні мен маңызына ғылыми-психологиялық тұрғыдан сипаттама;
2. Дәстүрлі ұлттық өнерге баулудың мазмұндық сипатына қарай, бастауыш сынып оқушыларының талғам өрісінің қалыптасу деңгейлерін айқындайтын психологиялық әдістер.
3. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге баулу арқылы бастауыш сынып оқушыларында көркемдік талғамын қалыптастыруды негіздейтін әдістемелік нұсқаулар.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде – зерттеу мәселелеріне қатысты философиялық, эстетикалық, өнертану, психологиялық, еңбектерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасалды.
Екінші кезеңде – зерттеу жұмыстарымыздың мазмұнында қаралатын мәселелердің қазіргі бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу іс-тәжірибе туындыларын балалардың жас және психологиялық даму ерекшеліктеріне қарай лайықтап жүйелі таңдау, оқу тәрбие мен білім берудің тиімді қолдану әдіс-тәсілдерінің сапасын анықтап алуға бағытталған іс-тәжірибелер жүргізілді.
Үшінші кезеңде – зерттеу жұмыстарымыздың мәселелерін шешуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған сабақтар, түрлі көркемдік бейнелеу іс-әрекеттері барысындағы бақылау жұмыстары арқылы, бастауыш сынып оқушыларының көркемдік талғам өрісінің қалыптасуына ықпал ететін психологияллық, әдістемелік мүмкіндіктерді анықтау тәжірибелері өткізіліп, жинақталған нәтижелерді қортындыланды.
Зерттеудің сенімділігі, мақұлдануы, тәжірибеге егізілуі.
Дипломдық құрылымдық, кіріспеден, ІІІ тараудан, тұжырымдар мен қортындыдан, әдебиет тізбесінен тұрады.
I-Тарау. Эстетикалық тәрбие жүйесіндегі көркемдік талғамды қалыптастырудың ғылыми теориялық негіздері.
1.1.Балаларға көркемдік білім мен тәрбие берудің
педагогикадлық негіздері.
Жас ұрпаққа көркемдердің қыры мен сырын, бейнелік тілін меңгерту және олардың өнер саласындағы шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту арқылы халқымыздың көркемдік мәдени мұрасын игерту, туған халқының өнеріндегі парасатты дәстүріне деген эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру, қазіргі кездегі орта мектеп, білім беру жүйесіндегі барлық саласындағы міндеттерінің бірі болып табылады.
Адамдардың сыртқы тұлға болмасынан, олардың өзара қатынасынан, тіл мен жасаған өнер туындыларымен тұрмыстық бұйымдардың, киім үлгілерінен-де халықтық өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен, дүние танымын эстетикалық талғам сапасын, көркемдік мәдени даму жолдарын, салт-дәстүр үлгілерін, жас ұрпақ тәрбиелеу үстіндегі халықтық тәжірибе белгілерін көрсетуге болады. Жас ұрпақтың рухани эстетикалық дамуын қамтамасыз ету негізінен көркем-өнер түрлері арқылы (әдебиет, музыка, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер т.б.). Білім мен тәрбие беру жүйесінде жүзеге асырылады. Қандай болсын өнер білімін қоршаған шындық болмасының құбылыстарын бейнелейтін өзіне тән көркемдік құралдары арқылы баланың санасына әсер ете отырып, оның сұлулық туралы алғашқы түсінігі қоршаған өмір шындығының эмоциялық қатынасының қатысуын сапалы дәрежеге жеткізетін танымдық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Психологиялық әдебиет пен ғылыми зерттеу еңбектерінде баланың түрлі өнерге баулудың оның өсіп жетілуіне қолайлы әр кезеңдерінде тән психологиялық ой пікірлер мен теориялық тұжырым әдістемелік тәжірибе жинақталған. Бұл көркемдік талғамды қалыптастыру білім беру жүйесін құрауға мол мүмкіндік ашатын методологиялық негіз бола алады.
Жеке тұлғаның эстетикалық рухани дамуына, дүние танымдық көзқарасының қалыптасуына көркем өнердің зор ықпалы туралы теориялық мағұлыматтар сонау ерте дәуір ойыншықтарының (Аристотоль, Платон) философиялық эстетикалық ой пікірлерімен қайта өрлеу дәуіріндегі - өнерді нақтылы шындықты түсінуге, тануға жетелейтін ғылым дәрежесін көтерген (Леонардо, Альберто, Дюре т.б.). Өнер алыптарының трактаттарынан өнердің әлеуметтік қызыметін айқындай отырып, оның саяси адамгершілік сипатын ашып көрсететін француз ағартушыларының (Вольтер, Дидро, Руссо) эстетикалық еңбектермен және бұдан кейінгілерін (Кант, Гегель) философиялық, эстетикалық тұжырымдарынан бастау алады.
Өнер арқылы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру ісі, кеңістік дәуірдің әрбір даму кезеңдеріндегі қоғамдық талаптарын іске асырудың бір саласы ретінде күн тәртібінен түскен жоқ. Бірақ бұл мәселе төңірегіндегі тәжірибе мен тұжырымдар ғылыми педагогикалық тұрғыдан ұзақ сұрапталып жинақталды. Бұл алғашқы ғылым теориялық еңбектерде осы мәселелердің психологиялық ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі