Психология | Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сете сақтау процесінің дамуын зерттеу

 Психология | Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сете сақтау процесінің дамуын зерттеу

Мазмұны
Кіріспе
І. Бөлім. Ес туралы жалпы түсінік
1.1. Психологиядағы ес теориялары
1.2. Естің түрлері және олардың ерекшеліктері
1.3. Ес процестері
1.4. Ес саласындағы психикалық ерекшеліктер
ІІ. Бөлім. Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сете сақтау процесінің дамуын зерттеу.
2.1. Сөздер қатарын есте сақтау мен ассоциотивтік ес көлемін анықтау әдістемесі
2.2. Естің дамуы және оны тәрбиелеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Өмір тіршілгіне қажетті нәрселердің бәрінің ес үрдісінсіз болуы мүмкін емес. Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес үрдісі деп саналады. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Психология ғылымы, осыдан өз алдына келесі мәселелерді шешу үшін мыса сұрақтармен тығыз байланысты: санадағы өткен іс-тәжірибе ізтері қанша ма уақыт сақтауы мүмкін; есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен? Ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін? Сұрақтарға жауап іздеуде психология өзінің алғыш эксперименттік осы ес проблемасын зерттеумен байланысты.
Тағы бір өзекті мәселе, қазіргі кезде көптеген мектептер , гимназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты есте сақтау анықтау.
Жеткіншектердің ес процесінің даму деңгкйі қиын тапсырмаларды орындау жолдарындағы психологиялық процестерінің құрылымы бұл жерде талқыланатын және бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншеуктердің есте сақтау қабілетінің дамуы көкейкесті мәселенің бірі болып отырған себебі шығына байланысты . Бұл жастағы балалардың өзгеруі, дамуы есте сақтау процесінің күрделі жүруімен тығыз байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің ес процесінің дамуын зерттеуді әдістемелерін жинақтау.
Курстық жұмыстың міндеттері.
-Ес процесінің дамыту жолдарына байланысты теориясын шолу
Ес процесінің даму деңгейін анықтап, соларға байланысты амал-тәсілдерді қолдану
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушылар мен жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету
Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің ес процесінің дамуы
Зерттеудің теориялық мәні: Жалпы бұл зерттеудің теориялық мәні қазіргі таңда естің даму және тәрбиелеу деңгейін анықтау жолдарына молына үлкен септігін тигізіп отырды. Мұнда көп ғылымдардың дәлелденген факторлы және теориялары қарастырылған. Жалпы айтқанда бұл теорияның естің дамуын оның деңгейін анықтау бөліп табылады.
Зерттеудің практикалық мәні: бұл зерттеу жұмыстары балабақшада, мектепте басқада мекемелерде жүргізіледі. Жалпы бұл зерттеудің практикалық мәні қазіргі кездегі естің даму және жетілдіру деңгейін анықтау жолдарына молынша үлкен септігін тигізіп отырады. Мұнда көп ғалымдардың дәлелденген факторлары және зерттеулері қарастырылған . Бұл зерттеудің практикалық және теориялық маңызын өзімізге тіркеп алсақ зияны болмайды. Жалпы айтқанда бұл есті зерттеудің мәні балның естің дамуын оның деңгейін анықтау болып табылады.
Зерттеу барысында қолданылған әдістер: «Сөздер қатарын жаттау» , « 10 сөзді жаттау әдістемесі» , «Ассоциация ес көлемін анықтау әдістемесі».
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы №50 гимназия және №77 орта мектебінің оқушылары.
Терминдік сөздерге қысқаша түсінік:
-Ассоциация –ассоциатио деген латын сөзі, қазақшасы байланыс деген мағынада.
Операция –оператио деген латын сөзі, қазақшасы амал деген мағынаны білдіреді.
-Мнемоника –грек сөзі, қазақша жаттау өнері деген мағынаны білдіреді.
-Реминисценция – латынның реминицентиа деген сөзі, қазақша еске түсіру деген мағынада.
Ретроактивті, проактивтік –екеуі де латын сөздері біріншісі-кері әсер етуші, екіншісі ілгері әсер етуші деген мағынаны білдіреді.

Психологиядағы ес теориялары
Психология есті органикалық функция ретінде өте ертеден бастап қарастырған және бүл функцияның физиологиялық негіздерінің ашылуына ерте қол жеткізді. Э. Мейманның [53] айтуынша дәстүрлі психологияда ес көп жағдайда физиологиялық функция ретінде зерттеледі және психологтар есті ете ерте кезден бастап органикалық материяның жалпы қасиеттеріне жақындата бастады.
Ес кандай болмасын ұйымдастырылған материяның негізгі қасиеті болып табылады. А. Семон [52] естің органикалық негіздерін белгілеу үшін ерекше "мнема" терминін енгізді, бірақ психологиялық және физиологиялық түсініктердің жақындауы кезінде әдеттегідей, ол өзі сол түсінікті бір рухани функция немесе идеалистік түсінік ретінде қарастыра бастады. Бірақ "мнема" сөзімен бәрінен де жақсы мидың және жүйке ұлпаларының түрлі қасиеттеріне байланысты көрініс беретін, естің органикалық функцияларының бірлігін атау. Бұл мағынада қазіргі кездегі көптеген психологтар мнема немесе мнемикалық функция дегенде естің жаратылыстық жағын бөліп көрсетеді. А. Берсон [2,53] атақты материя мен ес жайлы зерттеуінде екі түрлі ес бар деген тұжырымға келді: олар - ми есі және жан есі, бұлардың әр қайсысы өз заңдылықтарына ие.
Кеңес психологиясында жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланысты бағыт есті зерттеуде кең даму алды. Бүл теория контекстінде ес түрлі хабарларды еске сақтау, сақтау кайта жаңғырту - мнемикалық мақсатарын шешуге бағынышты, теориялық және практикалық әрекеттер жүйесі енетін, психологиялық іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде көрініс береді, онда мнемикалық әрекеттер мен операцияның құрылымы, ес өнімділігінің құрылымында есте сақтау мақсаты мен құралдарының алатын орнына байланыстығы, мнемикалық іс-әрекетті ұйымдастырудан тікелей және жанамаланған еске сақтаудың салыстырмалы өнімділігінің тәуелділігі.
Есті іс-әрекет ретінде зерттеудің негізін француз ғалымдары, жекеше айтқанда Жан Пиаже [19] қалаған. Ол адғашқылардың бірі болып, есті материалды еске сақтау, өңдеу мен сақтауға бағытталған әрекеттер жүйесі ретінде түсіндіре бастаган. Психологияның франциялық мектебімен барлық ес үрдістерінің әлеуметтік шарттанғандығы және естің адамның практикалық іс-әрекетіне тәуелді болатындығы дәлелденді.
Кеңес психологиясында бұл концепция жоғары психикалық функциялардьщ пайда болуынын мәдени-тарихи теориясында жалғасын тауып, дамыды. Ес дамуының фило және онтогенездік кезеңдері бөлініп көрсетілді. Естің іс-әрекеттік теориясы бойынша әр түрлі елестер арасындағы ассоцияциялар — байланыстардың түзілуі, сондай-ақ материалдың еске сақталынуы және қайта жаңғыртылуы адамның осы мнемикалық өңдеу үрдісінде, өз материалмен не жасайтындығымен түсіндіріледі.
А.А. Смирнов өз зерттеулерінде еске сақтаудың жақсы не жаман өтетін жағдайларын және оның механизмдерінің ерекшеліктерін ашатын бірқатар қызықты негіздер ашты. Оның дәлелдегені -әрекеттер ойларға қарағанда жақсы есте сақталады, ал ол әрекеттердің арасында жақсырақ есте сақталатындары қиындықтарды өтумен байланыстылары, соның ішінде сол қиындықтардың өзі.
Естің филогенетикалық дамуын түсінуге П.П. Блонский [22] айтарлықтай үлес қосты. Ол ересек адамда бар естің түрлері оның тарихи дамуьшың әр түрлі деңгейлері болып табылады және оларды соған сәйкес ес кемелденуінің филогенетикалық деңгейлері деп санауға болады деген ойды айтып әрі қарай дамытты. Бұл естің келесі кезектілігіне қатысты: қозғалыстық, аффективтік, бейнелі, логикалық П.П. Блонскийдің айтып негіздеген ойы - адамзаттың даму тарихында айтылған ес түрлері бірінен кейін бірі пайда болған.
Онтогенезде балада ес түрлерінің барлығы айтарлықтай ерте және нақты кезекпен қалыптасады. Барлығынан кейін логикалық ес қалыптасып әрекет өте бастайды. Бұл естің түрі 3-4 жастағы балада салыстырмалы қарапайым формаларда болады, бірақ қалыпты дамуына жасөспірімдік немесе жастық шақта жетеді. Оның кемелденуі мен әрі қарай жақсаруы адамның негізгі ғылымдарды оқумен байланысты.
Бейнелі естің бастауы адам өміріиің екінші жылымен байланыстырылып, бұл естің түрі өз дамуынын жоғары нүктесіне жастық шақта жетеді деп саналады. Барлығынан ерте - 6 ай шамасында аффективті ес көрініс бере бастайды, бірақ уақыт бойынша ең біріншісі моторлы немесе қозғалыстық ес, генетикалық жоспарда ол барлық естен тұрады.
Бірак нәрестенің анасының дауысына онтогенетикалық эмоционалды көңіл аударуына куә - көптеген мәліметтер мен негіздер қозғалыстық естен бұрын аффективті ес әрекет ете бастайтынын көрсетеді.
Адам есінің тарихи дамуын Л.С. Выготскийдің [12,31] қарастырған көзқарасы басқаша болды. Оның пікірінше, филогенездегі адам есінің кемелденуі басты түрде еске сақтау құрамдарын жаксарту мен мнемикалық функциялардың адамның басқа да күйлері мен психикалық үрдістермен байланысын өзгерту жолымен жүреді. Сөйлеудің әр түрлі формаларының арқасында (ауызша, жазбаша, сыртқы, ішкі) адам өз есін еркіне қабілетті етіп, есте сақтауды саналы түрде басқарып, материалды сақтау мен қайта жаңғырту үрдісін басқара алатын болады.
А.Н. Леонтьев [8] балалық жасындағы тікелей және жанама еске арнайы зерттеулер жүргізген. Ол тікелей есте сақтау -мнемикалық үрдісінің уақыт өте келе жанамаланғанмен ауысатындығын экспериментальды түрде көрсеткен. Бұл баланың кемелдендірілген ынталар - материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртуды меңгеруге байланысты орын алады. Ынталардың дамуының өзі келесі зандылыққа тәуелді болып табылады: олар алғашында сыртқы болса (мысалы: есте сақтау үшін әр түрлі заттарды қолдану, қол саусақтарын т.б.), кейіннен ішкіге айналады (мысалы: сезім ассоцияциясы, елестеу, бейне, ой).
Мағыналанған материалды еске сақтауды зерттеген кеңестік және шетел зерттеушілсрінің еңбектерін салыстырып талдағанда шығатыны - шетелдік зерттеулерде материал сипаттамасына көп зейін бөлінсе, кеңес зерттеулерінде сол материалдың өңделу сипаттамасына көп көңіл аударылады, соған байланысты логикалық ес мәселелері кеңестік психологияда тереңірек зерттелген...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі