8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне Анамызға сыйлық таңдайық

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне Анамызға сыйлық таңдайық казакша 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне Анамызға сыйлық таңдайық на казахском языке

Жылына бір рет анамызға 8 наурызда не сыйлаймыз деген мәселе алдымыздан шығады. Дүкендерде сыйлықтан көп нәрсе жоқ көрінгенімен, сатып алайын дегенде не таңдарыңды білмей дал боласың. Оған қоса біз қарапайым дүниелерден гөрі ерекше сыйлық алуға тырысатынымыз тағы бар. Анамыздың көңілінен шығатын, пайдалы да, қуантарлық не зат сыйлауға болады? Талқылап көрелік...


Әрине, ең бастысы жақындарыңыз сіздің назарыңызға зәру екенін ұмытпаңыз. Оларға қанша сомаға, не сыйласаңыз да, мұндай тамаша күнде ең бастысы оның көңілінен шығып, қуантып қойғаныңыз маңызды.


Барлық әйелдер сыйлық алғанды жақсы көреді, ал анаңызға 8 наурызға сыйлық таңдағанда өз қалауыңызды ғана басшылыққа алмай, жақыныңыздың да қалауын ескеріңіз. Ал бұл үшін ең алдымен анаңыздың өмір салтын басшылыққа алып, лайықты да, пайдалы да дүние таңдауға тырысыңыз. 


Үй қызметіндегі анаға




Егер анаңыздың қызмет аясы көбіне үй тірлігі болса, онда қиялыңызға ерік беріп, сыйлықтың түр-түрін ұсына аласыз. Айтпақшы, көбіне сіз оған не қажет екенін білуіңіз де мүмкін, өйткені ол қандай да бір затты сатып алғысы келетінін бұған дейін айтқан шығар? Бәлкім, бұл асханаға қажетті жақсы ыдыс аяқ, блендер, тәттілер пісіретін пеш және т.б. Егер үй аспаптары түгел болса, онда жаңа фен, жылы монша халаты немесе үйге киетін шәрке керек шығар? Техниканың дамыған заманында робот-шаңсорғыш, асүйлік комбайн, автоматтандырылған пештердің небір түрлері бар, тек ақшаңыз болса болғаны.


Анаңыз көбіне үйде болатынын ескерсек, сұлулық салонына, косметика дүкеніне сертификат, фитнесс-клуб немесе бассейнге абонемент тарту етсеңіз болады. Әйелдер, қағида бойынша, өз-өзіне қарағанда ұнатады және мұндай сыйлықтар орынды болар еді.


Аналар әдетте “бар жақсы - балаларға” деген қағиданы ұстанып, өзіне жақсы дүниелерді қимайды, сондықтан балалар оларға қамқор болып, қалаған затын алып беруге мүдделі болуы керек.


Іскер анаға



Анаңыз жұмыс үстеліне қойып қоятындай, әсемделген жиектемеге отбасыңыздың суретін салып, тарту етсеңіз болады. Сонымен қатар “Сүйікті анама” деп жазып, әдемі қыш құмыра сыйласаңыз, сіздің қамқорлығыңызды есіне салып отырады.


Бәлкім, ол жаңа киім сатып алғысы келіп жүрген шығар? Дүкенге апарып, іскерлік костюм алып беріңіз. Немесе анаңыздың жұмыстағы орындығына көңілі толмай жүрген болар, ыңғайлы орындық сатып әперіп қуантыңыз.


Егер қалтаңыз көтерсе, анаңызды шипажайға немесе шетелге демалысқа аттандыруыңызға болады. Қызметтен қолы босамайтын аналар үшін бір уақыт демалыс тамаша сыйлық болар еді.


Сонымен қатар демалыста отбасыңызды қала шетіне шығарып, атқа мініп, таза ауада серуендеп қайтудың өзі үлкен сый. Күйбең тірліктен бір сәтке босап, отбасымен бірге өткен уақыт кез келген материалды заттан құнды екені рас.


Өнерсүйер анаға



Егер анаңыз түрлі мәдени шараларға баруды ұнатса, онда опера, театр немесе филармонияға билет - тамаша тарту. Тек бір билет қана алмай, оған ілестіріп әкеңізді, не әпкеңізді, анаңызды құрбысын жіберіңіз, болмаса өзіңіз еріп барыңыз. Кітаптардан оның сүйікті жанрының топтамасын немесе фильмдер жиынтығын сыйлауға болады. Болмысы нәзік жандарға сыйлыққа түрлі аромашамдар немесе жақсы бір әтір жарайды. Сонымен қатар, мұндай адамдар ерекше кәдесыйға немесе әдемі құмыраға риза болады.


Қолөнермен айналысатын анаға




Егер анаңыз уақытын киім тігу, кестелеу немесе тоқу үстінде өткізгенді жақсы көрсе, оның қызығушылығына арналған кітаптар, керекті материалдар жақсы сыйлық болады. Және көп ұзамай, анаңыз тігіп берген киіммен кербезденіп жүретініңізге сенімді болыңыз. Әлде көп уақыттан бері аңсап жүрген тігін машинасын сыйға тартарсыз?


Аспаз анаға



Егер анаңыздың басты қызығушылығы аспаздық болса, онда түрлі мәзірлер ұсынылған кітап жақсы сый. Сонымен қатар бәліштерге арналған түрлі формалар жиынтығы немесе микротолқынды пеш сияқты асхана аспаптарын тарту етіңіз. Мұнда бәрі сіздің қанша сомаға шығындалуға дайын екендігіңізге байланысты.


Және әрбір ананың көңілінен шығатын әмбебап сыйлықтар да бар: конфеттер, торт, жемістер, кофе және жақсы шай. Бірақ, мұнда да анаңыздың талғамын ескеріңіз.


Және, әрине, гүл сыйлауды ұмытпаңыз. Құттықтау ашық хатын жазып, сүйікті гүл шоғырын ұсыныңыз. Ашық хатты өз қолыңыздан жасасаңыз тіпті тамаша болар еді. “Әлемдегі ең керемет анаға” деген мақтау қағазын немесе арнайы “сыйлық” медалі, сөзсіз, ерекше тарту. Бұларды арнайы сыйлық дүкендерінен сатып алуға болады.


Енді анаңызға 8 наурызда не сыйлауға болатынын білдіңіз. Ең бастысы, есіңізде болсын: сыйлыққа не тарту етсеңіз де, анаңыз риза болады, өйткені оған сіздің ықыласыңыз бен қамқорлығыңыз маңызды, ал бұлар құнсыз дүниелер. Оған әрдайым өз құрметіңізді көрсетіңіз және оны жақсы көретініңізді жиі айтыңыз, бұл әлемдегі ең үздік сый!


Сурет: darstudio.ru, alliwaw.wordpress.com, sosol.com.cn

Дайындаған: Анар Мұстафина, дереккөз




KZ » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңес жинағы, 8 наурыз, аналарға сыйлық, анама сыйлық, 8 наурызға не сыйласам, 8 наурызға сыйлық, мамама сыйлық, 8 наурызға сыйлық жасау, 8 наурызға қандай сыйлық жасауға болады, анама қандай сыйлық жасаймын, 8 мартка сыйлык, 8 марта подарок маме, 8 наурызга кандай сыйлык жасауга болады, Анама сыйлык тандауга кенес бериниздерши 8 наурызга, 8 наурыз, аналарға сыйлық, анама сыйлық, 8 наурызға не сыйласам, 8 наурызға сыйлық, мамама сыйлық, 8 наурызға сыйлық жасау, 8 наурызға қандай сыйлық жасауға болады, анама қандай сыйлық жасаймын, 8 мартка сыйлык, 8 марта подарок маме, 8 наурызга кандай сый, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне Анамызға сыйлық таңдайық, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне Анамызға сыйлық таңдайық пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге