8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне сыйлық таңдаймыз

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне сыйлық таңдаймыз казакша 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне сыйлық таңдаймыз на казахском языке

Жігіттер мінекей көктем келді ал көктем келді дегеніміз қыздардың мерекесі де ойламаған жерден сарт ете түсті деген сөз. Біреу “8-март болды жігіттерге шарт болды”-, деген екен.1910 жылы Клара Цеткинаның әсерінен мерекеге айналған бұл күні кез-келген еркек атаулы футболды, газет оқуды ұмытып, жұмысты кейінге қалдырып сүйіктілеріне сыйлық іздеп жүгіреді. Жалпы бұл күні әйелдердің бәрі сұлу, бәрі бақытты, өйткені олардың бір жыл бойы асыға күтетін мейрамдары, мінекей дәл осы күні. Ендеше қалтаңыз қалың болмасада жақын қыз-келіншектерді қуантуға бекем бел байлаңыз.

Оларға не сыйлайсыз? Басыңыз әбден қатқан шығар ә? Ал қыздар болса кімнен қандай сыйлық алатынын шамамен есептеп отыратыны да анық.

Сондықтанда жігіттер ешкімді назардан тыс қалдырмаңдар!!! Қыздар ренжіп қалса… жақсы болмайтынын өзіңізде білесіз ғой.

Ең тиімді шешім әрине гүл шоқтарын сыйлау. Негізінен “букет” сөзі француз тілінен аударғанда қолдан қолға деген мағынаны білдіреді екен. Мимоза гүлін сыйға беруіңізге болады, егерде одан басқа гүл таппасаңыз, өйткені одан өзге көптеген әдемі гүлдер бар. Мимоза оның қасында дәл сіз ойлағандай кереметтей көрінбейді. Сүйіктіңізге қандай гүл сыйлау керек? 8- наурыз көктем кезі, ендеше дәл осы кезде бүршік ататын гүлдер ең дұрыс шешім.

Мысалы: бәйшешек немесе гиацинт бір жағынан көктемдік леп берсе, екіншіден көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Ал мимоза болса күзде бүршік ататын, яғни күздік гүл. Сондай-ақ гүлшоқтарын сыйларда әйелдердің жасы, әлеуметтік жағдайы міндетті түрде ескерілуі керек деген пікір бар. Бірақ ең алдымен қыздардың мінезіне қатты назар аударған жөн. Өйткені 40 жасар әйел өзін жас қыздай сезінгісі келетін шығар, жігіттерден қызғалдық алғысы келетін болар. Егерде сіздің сүйіктіңіз сәнді, пысық болса оған өзі секілді “экзотикалық” гүл берген жөн. Ал енді сүйіктіңіз өте нәзік, сүйкімді, сымбатты болса өзі секілді нәзік гүл, яғни классикалық раушан сыйлаңыз. Тағы бір ескерте кететін жәйт қызыңыздың қандай гүлге аллергиясы бар екенінде алдын ала білген жөн.

Гүлдің түсіне де қатысты пікірлер бар: ақ түс-қайғы, қызыл-махаббат, сары-ажырасуды білдіреді дейді. Ал енді кейбір елдердің мәдениетінде сары түс керісінше ең жақсы түс болып есептеледі. Негізінен ырым-сенімге құлақ түре беретін болсаңыз мүлдем гүлсіз қаласыз. Соңғы кезде гүл сататын сөрелерден көк түсті раушандар мен қызғалдақтарды кездестіруге болады. Бұл түс біреуді таң қалдыруы мүмкін ал біреуге ұнамауы мүмкін. Негізінен бұл гүлдер химиялық жолмен көк түске боялады, сондықтан олар қолыңызды, киіміңізді бүлдіруі мүмкін, дәл осы гүлді алуға кеңес бермеймін. Бәрібір табиғи нәрсеге ештеңе жетпейді ғой. Гүлдердің ішінде мүлдем беруге болмайтын гүл бар екен. Мысалы: Прибалтикада калл гүлі. Бұл гүлді біреуді жерлегенде әкеледі екен. Латвия мен Эстонияда калл қолдан жасалған гүлмен тең екен. Ал Скандинавияда фиалканы қайтыс болған кісіні соңғы сапарға шығарып салғанда береді. Ресейде гүл бергенде міндетті түрде оның санына назар аударылады. Олар тақ сан және өте көп көлемде болуы қажет. Негізінен гүлді ұсынудың да әр түрлі жолдары бар. Бұлда жігіттер сіздердің ұшқыр қиялдарыңзға байланысты.

Мысалы сүйіктіңзді 8 наурыз күні мейрамханаға шақырдыңыз делік, сіз қызыңызды құттықтап тост айтып болған кезде гүлді ұсынсаңыз керемет болар еді. Біреулер серенада айтып сосын барып гүл сыйлауларына болады, ал енді үлкен гүл шоғын қызғыңызға беріп алып, өздеріңіз паркте немесе көшеде 3-4 сағат қыдаратын болсаңыздар, гүліңіз солып қалуы мүмкін бұл жағында ойластырыңыз. Романтикалық кешті әр түрлі гүлдермен бөлмені безендіріп ұйымдастыруға болады. Тағы бір ескертетін жәйт кішкене болсада есте қалар сыйлық алуыңызға болады. Өйткені гүліңіз бірнеше күннен кейін солып қалады, ал сыйлық сіз туралы өмір бойы естелік болып қалуы мүмкін. Сыйлықты да дұрыстап таңдаңыз.

Енді бұл өз еркіңізде. Мерекені керметтей өмір бақи есте қаларлықтай өткізіңіздер!!!





KZ » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңес жинағы, 8 наурыз, аналарға сыйлық, анама сыйлық, 8 наурызға не сыйласам, 8 наурызға сыйлық, мамама сыйлық, 8 наурызға сыйлық жасау, 8 наурызға қандай сыйлық жасауға болады, анама қандай сыйлық жасаймын, 8 мартка сыйлык, 8 марта подарок маме, 8 наурызга кандай сыйлык жасауга болады, Анама сыйлык тандауга кенес бериниздерши 8 наурызга, Аршат Ораз, 8 наурыз, аналарға сыйлық, анама сыйлық, 8 наурызға не сыйласам, 8 наурызға сыйлық, мамама сыйлық, 8 наурызға сыйлық жасау, 8 наурызға қандай сыйлық жасауға болады, анама қандай сыйлық жасаймын, 8 мартка сыйлык, 8 марта подарок маме, 8 наурызга кандай сый, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне сыйлық таңдаймыз, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне сыйлық таңдаймыз пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге

  • Анализ сайта www.zharar.com