Қыздың жүрегін жаулаудың 7 амалы » ZHARAR © 2016 | ерлерге кеңес , пайдалы кеңестер ерлерге, жігіттерге кеңес , жігіттерге арналған кеңес, қыз жүрегін қалай жаулау керек қыз жүрегін жаулап алу, қыз жүрегін қалай жаулауға болады




  • »

Қыздың жүрегін жаулаудың 7 амалы

Қыздың жүрегін жаулаудың 7 амалы казакша Қыздың жүрегін жаулаудың 7 амалы на казахском языке

Сен кейбір жігіттердің соңынан қыздардың топ-топ болып жүретінін байқаған шығарсың. Байлығына қызығады десең, асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Сымбатына сұқтанады дейін десең, сен де келісті жігітсің. Бірақ қыздарға келгенде сенің ешбір қырың жоқ. Олай болса, қыз жүрегін жаулаудың мына тәсілдері қажетіңе жарап қалар:

1. Қандайда бір қызға ұнау үшін ең алдымен оның көзіне тіктеп қарау керек. Егер ол да сенен көзін айырмаса, онда жұлдызың жануы мүмкін. Егер, қыз көзін айырмаған қалпы күлімсірей қараса, бағың бар жігітсің.

2. Барлық қыздарға бірдей ұнаймын деп жанталасудың қажеті жоқ. «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді», деген мақалды махаббат машақатына ұрынғандарға да қаратып айтуға болады. Сондықтан, бір қызды таңдадың ба, соның жүрегін жаулауды ғана ойла.

3. Қыздың өзін ханшайым сезінуіне жағдай жаса. Оның бәрінен де сұлу, бәрінен де көрікті екенін сездірсең, келесі кездесуден бас тартпасы анық. Бірақ, тым артық кетіп жүрме.

4. Барлық жағдайда шынайы болуға тырыс. Өзіңді жақсы жағынан көрсетемін деп, тым қызбаланып, мақтанып кетудің, шашылып-төгілудің қажеті шамалы. Қыздар мақтаншақ жігіттерді ұнатпайды.

6. Түнгі клубтар мен барлар – танысуға қолайлы жерлер емес. Ондай жерде жүретін қыздар жігіттердің жанарын аулап үлгерген және соған машықтанып алған. Сенің әрекеттерің сәтсіз аяқталуы мүмкін.

7. Егер қыз қарым-қатынас жасауға құлықты болмаса, қайта-қайта мазасын алып, кездесуге шақырып мезі етудің де реті жоқ. Бір-екі рет кездесуге шақырғаннан бас тартқан қыз «Келесіде міндетті түрде барамын» деп өз өзіне сөз береді. Сондай уақытта, сенің де шегініс жасағаның оның ойландырып тастайды. Кейінірек, «сенімен бір кездесуді күтіп жүр едім» деп телефон соқсаң болғаны.

Автор: Асылзат АРЫСТАНБЕК, дереккөзі


Санат: KZ портал » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Ерлерге пайдалы кеңес жинағы | | 3 968
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .