Ерлерге кеңес: Қыз алып қашу қаншалықты дұрыс? » ZHARAR © 2017 | неке дін мен дәстүр, қыз алып қашу туралы, қыз алып қашу дұрыс па, қыз алып қашу дәстүр ме қылмыс па, қызды алып қашу




  • »

Ерлерге кеңес: Қыз алып қашу қаншалықты дұрыс?

Ерлерге кеңес: Қыз алып қашу қаншалықты дұрыс? казакша Ерлерге кеңес: Қыз алып қашу қаншалықты дұрыс? на казахском языке

Ассаламу алейкум уа рахматуллах!
Қызды алып қашу туралы дініміз не дейді? Осы қарақшылыққа дініміз рұқсат бере ма? Саркөбен Әділ


Уа алейкум ассалам! Құрметті Әділ!

Жалпы адамның бостандығы мен құқығына қол сұғуға шариғатымызда қатаң тиым салынған. Бұл адамның ар-намысын аяқ асты ету және күнә іс. Қыз алып қашу да сол сияқты.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қоштасу қажылығында Мина жазығында тұрып, құрбандық күні: «Расында, сендердің қандарың, мал-дүниелерің және ар-намыстарың бір-біріңе осы қасиетті (Мекке) қаласы, осы қасиетті (қажылық) айы, осы қасиетті (құрбан айт) күніндей қастерлі (қол сұғуға тыйым етіледі)», – деп,[1]
адам ар-намысының қаншалықты қастерлі екендігін ескерткен.

Сонымен қатар, ҚР Ата Заңы бойынша да мұндай әрекет қылмыс саналады. Адам ұрлау және бас бостандығынан айыру заңмен жазаланады[2]
.

Халқымызда «Қыз мұраты – кету» дегендей, теңін тапқан қыздың жолын байламау дәстүр тағы бар. Бұл – шариғатқа негізделген дәстүр. Шариғатта «Ең жақын уәли ұзақ сапарда болса, қыздың теңін күттірмеу үшін кейінгі уәли тұрмысқа береді[3]
» деп айтылған. Мәселен, қыздың жақын туыстары қайтыс болса, қызды айттырып келу ерсі саналады. Қазалы үйде біраз уақытқа дейін құда күту сияқты қуанышты шаралар жасалмайды. Бірақ, қыздың бағын байламау үшін ана-атасы өз баталарын береді де «қыз қашып» кетеді. Алайда, бұл қызды зорлықпен алып қашу емес.

Қызды тұрмысқа ешкім мәжбүрлеп бере алмайды. Неке мәселесінде қыздың өзі шешім қабылдайды Тіпті, әкесі де еріксіз тұрмысқа бере алмайды.

Ибн Аббас (р.а.): «Бір қыз Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп әкесі еркінен тыс тұрмысқа беріп жатқанын айтып шағымданады. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.) қызға өзіне таңдау жасауға рұқсат етеді[4]
»,-деп риуаят етеді.

[1] Бұхари мен Муслим.
[2] ҚР Қылмыстық кодексінің 125 және 126-баптары
[3] Әл-Ихтияр лит-таълил мухтар, 2-том, 119-бет
[4] Ахмет, Әбу Дауд, Ибн Мажаһ



Санат: KZ портал » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Ерлерге пайдалы кеңес жинағы | | 2 110
Рейтинг:
(голосов: 1)

KZ портал » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Ерлерге пайдалы кеңес жинағы, неке дін мен дәстүр, қыз алып қашу туралы, қыз алып қашу дұрыс па, қыз алып қашу дәстүр ме қылмыс па, қызды алып қашу, қыздың, адамның, дініміз, тұрмысқа, алейкум, қасиетті, рұқсат, сияқты, сұғуға, Қызды, саналады, құрбандық, сендердің, «Расында, қандарың, қастерлі, байламау, қызды, алмайды, әкесі, неке дін мен дәстүр, қыз алып қашу туралы, қыз алып қашу дұрыс па, қыз алып қашу дәстүр ме қылмыс па, қызды алып қашу, қыздың, адамның, дініміз, тұрмысқа, алейкум, қасиетті, рұқсат, сияқты, сұғуға, Қызды, саналады, құрбандық, сендердің, «Расында, қандарың, Ерлерге кеңес: Қыз алып қашу қаншалықты дұрыс? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .