Көшбасшы болу үшін

Көшбасшы болу үшін

Әлемде миллиондаған ақылды адам бар. Бірақ олардың бәрі бірдей беделді болып, қоғамға пайдалы дүние ойлап тапқан жоқ. Адам ақылын шығармашылық ойлау қабілетімен, өз ісіне деген сүйіспеншілігімен ұштастыра білгенде ғана көздеген биігіне жетпек. Әлемге әйгілі көшбасшылардың өмір жолына көз салып, өнеге алайық.

Стив Джобс Apple өнімін шығарарда бала шағында болған мына жай әсер еткен екен. Бірде Стивтің әкесі үй сыртына аула салуды тапсырады. Ауланың ішкі бөлігін ешкім көрмей-ақ, сыртын көргеннен тамсанып, іші де дәл сондай керемет екеніне күмән келтірмейтіндей ұқыпты да әдемі жасалуын қатаң қадағалайды.

Стив Джобс бұл қағиданы есінен ешқашан шығармайды. Өзі де Apple инженерлерінен осыны талап етеді, яғни, алма гаджеттерін көргеннен-ақ, құрылғының ішкі бөлігі де керемет екені білініп тұратындай болсын дейді.

Альберт Эйнштейнге бала кезінде әкесі компас сыйлайды. Бұл құралға баланың аңсары ауады. Осы сыйлыққа қызығушылы арқылы Эйнштейн магниттік толқын теориясын қалыптастырады.

Бенджамин Франклин жақсы идеяның барлығы кез келген адамның ойына қозғау салады деп есептейді. 1728 жылы нарық тұлғаларына арналған «Тері алжапқыш клубы» атты пікірталас үйірмесін ашады. Арада 15 жыл өткенде бұл үйірме Америкалық философтар қоғамына айналады.

Үлкен басын кішірейтіп, төзімділік танытудың пайдасы мол. Себебі «Мен, Мен» деп кеуде соға бермей, өзгелер пікіріне де құлақ асуды үйренесің, одан атағыңа сызат түсіп қалмайды.

Біреудің пікіріне келісім білдіру адамды бәрінен мықты етіп көрсетпегімен, теңдік орнатып, нағыз көшбасшы болуға бір қадам жақындата
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий

Комментариев 1

  1. Офлайн
    Гость Айша
    Гость Айша 28 октября 2020 00:42
    0 + 0 -
    Мне нужно Қазақстан тарихы 1-токсан