Қаржы | Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру механизмі

  Қаржы | Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру механизмі

Мазмұны

КІРІСПЕ ..................................................................................................................

1 БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ
1.1. Мемлкеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі..........................
1.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы...............................................
1.3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы.....
1.4. Бюджет балансы . Бюджет тапшылығы................................................

2. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
2.1. Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылымы .........................
2.1. Бюджеттік жүйе туралы Қазақстан Республикасының Заңының жалпы ережелері...................................................................................................................................
2.2. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.....................................................
2.3. Бюджеттің әзірленуі, қаралуы және бекітілуі..................................................
2.4. Кредит беру және қарыз алу мен бюджеттің атқарылуы............................

3 БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЮДЖЕТТІК ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1. 2006 жылға арналған республикалыќ бюджет туралы......................
3.2. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесті ұйымдастыру...

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................

Қазіргі заманғы кез келген қоғамның экономикалық құрылымының қалыптасуы мен дамуында алғы, анықтаушы рольді үкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты шеңберінде жүзеге асатын мемлекеттік реттеу алады. Мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең маңызды механизмдердің бірі қаржылық механизм- бсты тізбегі мемлекеттік бюджет болып табылатын, қоғамның қаржылық жүйесі. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет ақшалай қаражттардың орталықтандырылған қорларын құрады және орталықтандырылмаған қорларға, мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерді артқаруға мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, әсер етеді. Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттік реттеу жүйесінің негізін кірістерді қайта бөлу жөніндегі қатанас құрайды.
Тоқсаныншы жылдардың басынан бастап Қазақстан Републикасында жүргізіліп келе жатқан экономикалық және саяси реформалар мемлекеттік қаржы, ең алдымен бюджеттік жүйеге әсерін тигізді. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің ресурстарын мобилизациялау және жұмсаудың басты құралы бола отырып саяси үкіметке экономикаға әсер етуге, оның құрылымдық қайта құруларын қаржыландыруға , экономиканың басым секторларының дамуын ынталандыруға, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуге нақты мүмкіндік береді.
Бюджет - қайта өндіріс процесін жүзеге асырудың маңызды құралы және алғы шарты болып табылады. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыуға, қоршаған ортаны сақтауды қамтамаыз етуге, ғылыми-техникалық прогресті ынталандыруға, қорғаныс қабілетін ұстауға, басқалай мемлекеттік қызметтерді атқаруға жағдай жасайды. Осыған орай, шаруашылық механизмінің бірқалыпты қызмет етуі бюджеттік қатынастарды жетілдірусіз, ғылыми түрде жасалған бюджеттік саясатсыз, бюджеттік процесті басқарудың тиімді жүйесінсіз мүмкін емес. Нарық, корпорация және мемлекет арқылы басқарылатын экономикаға өту мемлекеттік бюджетті, кәсіпорын және сала қаржыларын, аумақтық және жергілікті деңгейдегі қаржы қатынастарының жаңа блогының дамуын, бюджеттен тыс қорлардың терең реконструкциялауды қажет етеді [4].
Бюджеттің жаңа типі бюджет пен салыққа мемлекеттің қоғам мүшелеріне, салық төлеушілерге ұсынатын қоғамдық игіліктер категориясы негізіндегі тәсіліне сүйенеді. Осы тәсіл бюджетке, оның қазіргі заманғы қызметтері нарықтық көзқарсына тән. Мемлекет бюджетті біріккен қажеттілікті қанағаттандыруға (қоғаныс сипатындағы өнім, инфрақұрылым, ғылым, мәдениет, білім беру, басқару игіліктері) арналған ерекше игіліктерді, қоғамдық тауарларды ұсыну мүмкіндігіне ие болу үшін құрады.
Біздің елде экономикалық реформалаудың жеңісі қоғамның қаржы жүйесінің қай бағытта жүретініне, мемлекеттің бюджеттік саясатының уақыт талабына қалай жауап беретініне байланысты болады.
Экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздеу қоғамның қаржы жүйесін түбегейлі жаңалауды талап етті. Дағдарыстан шығу жолының құрамдас бөлігі болып Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 24 желтосанында қабылданған №125-1 «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы» заңы саналды. Ол заң Қазақстан Ресбуликасында бюджеттік заңдылық принциптерін және бюджет жүйесі мен бюджеттік процестердің қызметінің құқықтық негіздерін белгіледі. Осыған байланысты бюджет жүйесін, бюджеттік процестерді, бюджеттік механизнің қызметінің заңдылық негіздері мен нақты тәжірибесін зерттеу қазіргі кезде ерекше өзекті болып отыр.
Бюджеттік әсер етудің нәтижелілігін көтеру көп жағдайларда осы жүйенің мәніне, оның дамуын анықтайтын факторларды білуге, керекті өзгерістердің теориялық негізділігіне байланысты болады.

1 Бөлім. Мемлекеттік бюджет.

1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.

Қаржылық байланыстардың көп түрінің ішінен жекелеген жалпы белгілермен иерекшеленетін, шартталған сфераларды бөлуге болады. Жалпы қоғамдық өнімінің құндық қайта бөлуінің ерекше облысын қаржылық қатынастар құрайды, ол мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен, тұрғындармен қарым қатынасынан қалыптасады. Бұл қатынастарға олардың тікелей қатысушысы мемлекет болатын, бөлу процесінде пайда болатындығы жалпы тән және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған, ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын құру мен пайдаланумен байланысты. Қаржылық қатынастардың осы жиынтығы мемлекеттік бюджет деп аталатын түсініктің экономикалық мазмұнын құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджет объективті сипатта болады. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғаты мен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жылпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет [20, 8б].
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет «айрықшалықты қоғамдық арналымды» орындайды - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынатарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын ерекше белгілер бар: бюджет қатынастарының бөлшгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүргізіледі. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшылықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастарының айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысаныдағы қозғалысы мен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынасымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес нақты материалдық-заттық түрде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыу үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шартталған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшылығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сиқты сипатты функцияларды атқарады.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнелетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңг, әдетте бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша ролін анықтайды [20, 90б].
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туарлы заңына сәйкес орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудағы басты механизмдердің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтғы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретінде бюджеттің ролі осыдан көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандыылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылау процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн. ( 1 сызбаны қараңыз)

Негізгі қаржы жоспары Қондырма бөлігі
(Субъективті жағы)
Мемлекет заңы
Әлеуметтік - экономикалық дамуды
басқару механизмі
Мемлекеттік бюджет

Базис бөлігі
(Объективті жағы) Мемлекеттік орталықтандырылған ақша қоры Ресурстар
Экономикалық категория Қатынастар

1 сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!